Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ЭжБФ студенттері Самарқанд ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология мемлекеттік университетінде оқу тәжірибесінен өтті

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Экономика және бизнес факультетінің «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының студенттері Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Самарқанд ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология мемлекеттік университетінде оқу тәжірибесінен өтті. Аталған университет — Өзбекстандағы ең көне және ең ірі жоғары оқу орындарының бірі.

Тәжірибе барысында студенттер тек жаңа теориялық және практикалық білім алып қана қоймай, серіктес университеттің студенттерімен тәжірибе алмасып, шуақты Өзбекстанның мәдениетімен және көрікті жерлерімен танысты.

Сондай-ақ академиялық ұтқырлық шеңберінде «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының оқытушылары Самарқанд ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушыларына арналған дәрістер мен шеберлік сағаттарын өткізді.

6В04105 Есеп және аудит
6В04106 Қаржы