2024 жылғы 9 ақпанда «START-UP ATU-2024» стартап жобалар байқауының 3-кезеңі (финалы) өтеді

2024 жылғы 9 ақпанда «START-UP ATU-2024» стартап жобалар байқауының 3-кезеңі (финалы) өтеді. Байқауға қатысушылар байқаудың Сараптамалық кеңесі алдында Start-Up жобаларын таныстырады.

Конкурс жеңімпаздары Start-Up жобасын іске асыруға бизнес серіктестер мен басқа инвесторлардан шағын инновациялық кәсіпорын құру үшін гранттар алады.

Конкурстың мақсаты:
- АТУ дамыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, ПОҚ-ның ғылыми, Кәсіпкерлік және зерттеу қызметіндегі белсенділігін арттыруға жәрдемдесу;
- Университет студенттері, магистранттары, докторанттары мен ПОҚ арасында өзара байланысты дамыту және тұлғааралық өзара іс-қимыл нысандарын кеңейту;
- Ғылым мен өндірістің әртүрлі салаларындағы мамандардың қатысуымен қолданбалы, ғылыми - зерттеу әзірлемелерінің практикалық мүмкіндіктерін көрсету.

Мақсатты аудитория: жасы ерекшелігі шектелмеген, инновациялық бизнес-идеялары бар студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар және университеттің ПОҚ.

«START-UP ATU-2024» жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2024 жылғы 25 сәуірде жас ғалымдардың «Ғылым. Білім. Жастар» жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өтеді. Ұйымдастырушы комитет: АТУ Ғылым басқармасы, Адрес: Алматы қ, Төле би көшесі, 100, кабинет 617