Ғылыми-тәжірибелік қызметі
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) ғылыми-зерттеу жұмысы. Кафедра оқытушылары отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда ғылыми мақалаларын жариялап, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, конгрестерге, семинарлар мен тренингтерге елімізде және шетелде белсенді қатысады. Сонымен қатар, әртүрлі бағыттар мен салалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Оқытушылардың ғылыми зерттеулері оқу пәндерін тереңірек меңгеруге ықпал етеді, ал студенттермен бірлескен жұмыс білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, білім алушылардың зияткерлік әлеуеті мен дүниетанымын едәуір кеңейтеді.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында жас ғалымдар Калыкова А.О., Алдекен А.С., Шашаева М., Муталип Ұ., Ибраева А.Е., Тасқұл Т.Ж. еңбек етеді.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының жас ғалымы, сеньор-лектор Алдекен Айнұр Сабырбайқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Этнология және антропология» мамандығы бойынша докторантурасында оқуын жалғастыруда. Докторант 2026 жылғы 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында Түркияның Анкара қаласындағы Хажы Байрам Вели университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Сеньор-лектор Киекенова Бағдат Базылқанқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия» мамандығы бойынша докторантурасында оқуын жалғастыруда. Зерттеу тақырыбы: «Қазақ этносының санасындағы әділеттілік концептісінің эволюциясы және оның қазіргі жағдайдағы трансформациялануы».
Сеньор-лектор Муталип Ұлтай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Әлеуметтану» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсті. Зерттеу тақырыбы: «Қазақстандағы цифрлық теңсіздіктің әлеуметтік тетіктері: қолжетімділік, дағдылар және цифрлық қосылу тәжірибелері».
Кафедра ассистенті Ибраева Адема Эреновна да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсті. Зерттеу тақырыбы: «Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізуіндегі дауларды баламалы шешуді цифрландыру: құқықтық табиғаты және процестік тетіктері».
Сағнайқызы Самал «Кеңестік құқық қорғау ұйымдарының әкімшіл-әміршіл жүйеге бейімделу мәселесі» атты мақаласын Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(84), 2025, 169–185 беттерінде,
«Sustainable farming: Links between meat procurement and green economy principles in Kazakhstan (1927–1932)» мақаласын Asian Journal “Steppe Panorama”, 12(5) сериясы, 2025 жылы,
«Коррупция және саясилану: “Еңбекші қазақ” газеті беттерінде Қазақ АКСР-інің құқық қорғау жүйесінің трансформациясы (1920-жылдардың соңы – 1930-жылдардың басы)» мақаласын «Отан тарихы» журналы, 28-том №4 (2025): Отандық тарих, 2025 жылы,
«Ұжымдастыру және қуғын-сүргін: ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының трансформациясы» мақаласын «Отан тарихы» журналы, 28-том №3 (2025): Отандық тарих, 2025 жылы, ҚР ҒЖБССҚК (КОКСНВО МНиВО РК) ұсынған басылымда жариялады.
Шашаева Малика Ауезханқызы 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған Asian Journal “Steppe Panorama” басылымында, 12(5) сериясында «The problem of equality of kazakh women in scientific and literary works of the Аlash intelligentsia of the early 20th century» атты мақаласын жариялады.
Баспа қызметі
Педагогикалық ұжымның баспа қызметі айтарлықтай жандады. 2025 оқу жылы ішінде жарияланған ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің саны 138-ді құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда (135 жарияланым) 1,5%-ға көп.
Егер 2024 жылы кафедраның педагогикалық ұжым шетелдік конференцияларда 4 баяндама, халықаралық конференцияларда 29 баяндама, республикалық конференцияларда 45 баяндама жариялап, 5 оқу және оқу-әдістемелік құрал шығарса, шетелдік журналдарда 17 мақала, Web of Science базасында 1 мақала, республикалық журналдарда 33 мақала (оның ішінде 5-уі ҚР ҒЖБМ СҚК тізіміндегі басылымдарда, 28-і басқа басылымдарда) жарияланып, 1 авторлық куәлік алынған болса, 2025 жылы ҚР ҒЖБМ СҚК тізіміндегі журналдарда 14 мақала жарияланды, шетелдік конференцияларда 7 баяндама, халықаралық конференцияларда 15 баяндама, республикалық конференцияларда 11 баяндама ұсынылды, сондай-ақ 3 оқу және оқу-әдістемелік құрал жарық көрді.
Егер 2024 жылы кафедраның педагогикалық ұжым шетелдік конференцияларда 4 баяндама, халықаралық конференцияларда 29 баяндама, республикалық конференцияларда 45 баяндама жариялап, 5 оқу және оқу-әдістемелік құрал шығарса, шетелдік журналдарда 17 мақала, Web of Science базасында 1 мақала, республикалық журналдарда 33 мақала (оның ішінде 5-уі ҚР ҒЖБМ СҚК тізіміндегі басылымдарда, 28-і басқа басылымдарда) жарияланып, 1 авторлық куәлік алынған болса, 2025 жылы ҚР ҒЖБМ СҚК тізіміндегі журналдарда 10 мақала жарияланды, шетелдік конференцияларда 7 баяндама, халықаралық конференцияларда 15 баяндама, республикалық конференцияларда 11 баяндама ұсынылды, сондай-ақ 3 оқу және оқу-әдістемелік құрал жарық көрді.
Кафедраның маңызды жетістіктерінің бірі - кафедра оқытушыларының Scopus және Clarivate Analytics (Web of Science) деректер базаларына кіретін журналдарда 2 мақаланы жариялауы. Мақалалар «Қазақстан тарихы» және «Саясаттану» бағыттары бойынша жарияланды.
Жалпы алғанда, аталған көрсеткіштер Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының жұмысының сапалық тұрғыдан жақсарғанын дәлелдейді.
Басты бет Жетістіктер Ғылыми-тәжірибелік қызметі Материалдық-техникалық база Оқу-әдістемелік жұмыс Баспа қызметі
Басты бет Білім беру бағдарламасы Материалдық-техникалық база Тәжірибе және жұмысқа орналасу Ғылыми-тәжірибелік қызметі Жетістіктер









