Жетістіктер

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының жас ғалымы, сеньор-лектор Алдекен Айнұр Сабырбайқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Этнология және антропология» мамандығы бойынша докторантурасында оқуын жалғастыруда. Докторант 2026 жылғы 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында Түркияның Анкара қаласындағы Хажы Байрам Вели университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Сеньор-лектор Киекенова Бағдат Базылқанқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия» мамандығы бойынша докторантурасында білім алуды жалғастыруда. Зерттеу тақырыбы: «Қазақ этносының санасындағы әділеттілік концептісінің эволюциясы және оның қазіргі жағдайдағы трансформациялануы».

Сеньор-лектор Муталип Ұлтай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Әлеуметтану» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсті. Зерттеу тақырыбы: «Қазақстандағы цифрлық теңсіздіктің әлеуметтік тетіктері: қолжетімділік, дағдылар және цифрлық қосылу тәжірибелері».

Кафедра ассистенті Ибраева Адема Эреновна да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсті. Зерттеу тақырыбы: «Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізуіндегі дауларды баламалы шешуді цифрландыру: құқықтық табиғаты және процестік тетіктері».

 

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының жас ғалымы Калыкова Алмагуль Оралбековна әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша докторантурада оқуын жалғастыруда. Оның ғылыми тақырыбы «Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жұмыс жасаудағы дискурсивті құзіреттілігін дамыту». Докторант 2025 жылдың 22 наурызынан 2025 жылдың 20 сәуіріне дейін Вильнюс университетінде (Вильнюс, Литва) тағылымдамадан өтті. 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы Алдекен Айнур Сабырбайқызы 2024-2025 оқу жылының көктемгі қабылдауында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Этнология және антропология» мамандығы бойынша докторантураға түсті. 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы Киекенова Бағдат Базылқанқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне «Философия» мамандығы бойынша докторантураға түсті. Зерттеу тақырыбы: «Қазақ этносының санасындағы әділеттілік концептісінің эволюциясы және оның қазіргі жағдайдағы трансформациялануы».

Сағнайқызы Самал «Кеңестік құқық қорғау ұйымдарының әкімшіл-әміршіл жүйеге бейімделу мәселесі» атты мақаласын Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(84), 2025, 169–185 беттерінде,
«Sustainable farming: Links between meat procurement and green economy principles in Kazakhstan (1927–1932)» мақаласын Asian Journal “Steppe Panorama”, 12(5) сериясы, 2025 жылы,
«Коррупция және саясилану: “Еңбекші қазақ” газеті беттерінде Қазақ АКСР-інің құқық қорғау жүйесінің трансформациясы (1920-жылдардың соңы – 1930-жылдардың басы)» мақаласын «Отан тарихы» журналы, 28-том №4 (2025): Отандық тарих, 2025 жылы,
«Ұжымдастыру және қуғын-сүргін: ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының трансформациясы» мақаласын «Отан тарихы» журналы, 28-том №3 (2025): Отандық тарих, 2025 жылы, ҚР ҒЖБССҚК (КОКСНВО МНиВО РК) ұсынған басылымда жариялады.

Шашаева Малика Ауезханқызы «The problem of equality of kazakh women in scientific and literary works of the Аlash intelligentsia of the early 20th century» атты мақаласы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды зерттеу комитеті ұсынған Asian Journal “Steppe Panorama” 2025 жылғы 12(5) санында жарияланды.

2025 жылдың 24-28 қарашасы аралығында өткен гуманитарлық ғылымдар апталығы барысында кафедра оқытушылары жоғары кәсібилігі, апталық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқаны, гуманитарлық білім беруді дамытуға қосқан үлесі және студенттермен жоғары сапалы әдістемелік және тәрбиелік жұмысы үшін АТУ ректорынан 11 алғыс хат алды. Марапаттарды алғандар: Муталипқызы У., Нурмухаметова К., ⁠Жумабаева К.Ж., Орынбекова Д.С., Тасқұл Т.Ж., Батхолдин Қ.С, ⁠Әзімхан Б.У., Досекеева К.А., ⁠Джунусбаева А.М., Закирьянов А.К., ⁠Тілебалды Ж.Қ.
 

Факультеттің кафедралары

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз