«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеп, басып шығарады. Сонымен қатар импакт-факторы нөлден жоғары, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің (ҒЖБССҚК) және Scopus дерекқорларында индекстелетін шетелдік ғылыми басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің ғылыми басылымдарында ғылыми мақалалар жариялайды.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісін қажетті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге және оларды әзірлеуге ерекше көңіл бөледі.















