«Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) ғылыми қызметі туризм және қонақжайлылық индустриясында практикалық қолданумен академиялық зерттеулердің интеграциясы болып табылады:
Тұрақты туризм, сервис саласындағы инновациялар, туризмдегі цифрлық технологиялар, қонақжайлылық индустриясындағы стратегиялық басқару және т. б. сияқты негізгі салаларда зерттеулер жүргізу.
Оқытушылар мемлекеттік және жеке гранттармен қаржыландырылатын, сондай-ақ бастамашыл негіздерде ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеумен және іске асырумен айналысады.
«ТжСҚК» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының көптеген зерттеу тақырыптарының бірі болып төмендегілер табылады :
«Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасы студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметі олардың академиялық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол зерттелетін пәнге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, туризм және сервис саласында сыни ойлау мен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметі келесідей:
2025–2026 оқу жылындағы студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері
2025–2026 оқу жылында «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 107 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбек жариялады. Кафедраның ғылыми қызметі отандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы, соның ішінде Scopus және Clarivate Analytics халықаралық дерекқорларында индекстелетін журналдардағы жарияланымдарды, сондай-ақ халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың баяндамалары мен тезистерін қамтиды.
Есепті кезеңде жалпы көлемі 105,86 баспа табақты құрайтын 8 оқу құралы жарық көрді. Жарияланған еңбектердің жалпы көлемі 155,82 баспа табақты құрады. Сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми туындыларға 54 авторлық куәлік алды. Бұл куәліктер оқытушылардың зияткерлік қызметінің нәтижелерін және ғылыми зерттеулерді дамытуға қосқан үлесін растайды.
2025–2026 оқу жылында «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының білім алушылары ғылыми-зерттеу қызметіне және байқауларға белсенді қатысты. Әртүрлі деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауларына, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен өткізілетін іс-шараларға, сондай-ақ халықаралық және өзге де ғылыми байқауларға 68 жұмыс ұсынылды. Қатысу нәтижелері бойынша 18 жұмыс медальдармен, дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
Сонымен қатар білім алушылар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп, ғылыми туындыларға 16 авторлық куәлік алды. «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының студенттері халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Әсіресе Орал мемлекеттік экономикалық университетінде (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы) өткен өңірлік байқаудағы білім алушылардың жетістігін атап өткен жөн: кафедра өкілдері бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленді.
«Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының ғылыми қызметінің нәтижелері профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуын, зияткерлік әлеуеттің дамуын, жарияланым белсенділігінің артуын және кафедраның ғылыми әлеуетінің нығаюын көрсетеді.
Басты бет Тәжірибе және жұмысқа орналастыру Ғылыми-тәжірибелік қызметі Халықаралық ынтымақтастық Білім беру бағдарламалары
Басты бет Білім беру бағдарламалары Ғылыми қызметі Халықаралық ынтымақтастық Практика және жұмысқа орналасу Серіктестер Студенттік өмір Дипломдық жұмыстардың тақырыптары, жобалар, стартаптар Профессорлық-оқытушы құрам
Басты бет Білім беру бағдарламалары Студенттік өмір Ғылыми-тәжірибелік қызметі Халықаралық ынтымақтастық Оқу-әдістемелік жұмыс Дипломдық жұмыстардың тақырыптары










