«Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Дабылтаева Назым Есбергеновна

Экономика ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор

Жұм.тел.:
8 (727) 293-52-88 (вн. 162)

E-mail:
nazym62.62@mail.ru

«Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының парақшасына қош келдіңіз!

Кафедраның миссиясы-туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі саласында отандық және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, ғылыми әлеуеті жоғары, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті және заманауи талаптарға жауап беретін, инновациялық білім берудің озық үлгілерін тиімді меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, студенттердің білім беру сапасын қамтамасыз ету университеттің мүдделерін қанағаттандыру, әрбір студент пен магистрантқа оқу мазмұнын таңдау мүмкіндігін беру.

Кафедраның мақсаты-туризм және қызмет көрсету саласында студенттердің біліктілігін арттыру және тұлға ретінде қалыптастыру. Білім, іскерлік және мәдени дағдыларды игеру.

 Кафедра жұмысының негізгі принциптері:

– жоғары білімнің еуропалық және ұлттық сапа стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
– студенттік тәжірибеге бағытталған тәсіл;
– аудиториялық сабақтарға практик-мамандарды, сала сарапшыларын, жұмыс берушілердің өкілдерін тарту;
– академиялық парасаттылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
– студенттердің оқуға қажетті инфрақұрылым мен ақпараттық ресурстарға тегін қол жетімділігі;
– студенттерді ұйымдастырушылық, ақпараттық, консультациялық және әлеуметтік қолдау.

Кафедра университеттің негізгі оқу-ғылыми бөлімшелерінің бірі, «Экономика және бизнес»факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

Қызметкерлер

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз