Материалдық-техникалық база

Кафедра тоқыма материалдарын бояу және өңдеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ трикотаж бұйымдарын жобалау бағытында зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған заманауи зертханалармен қамтамасыз етілген.

Зертханалар тоқыма материалдарын сұйықтықта өңдеу жабдықтарымен, трикотаж машиналарымен және материалдардың сапасын бағалауға арналған өлшеу аспаптарымен жабдықталған. Бұл оқу және ғылыми зерттеулерді жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

2025 жылы зертханалық базаны жаңарту

2025 жылы кафедра зертханаларын жаңғырту мақсатында жаңа жабдықтар, өлшеу құралдары, шикізат және қосалқы бөлшектер сатып алынды. Атап айтқанда:

  • Құрылыс саласында қолданылатын жылуоқшаулағыш материалдардың қалыңдығын өлшейтін қалыңдық өлшегіш
  • МТ-580 талшық қалыңдығын өлшейтін автоматтандырылған жүйе
  • «Талшықтар» коллекциясы
  • Зертханалық бояу машинасы
  • Электронды пипеткалар жиынтығы
  • Микроскопиялық зерттеуге арналған шыны пластиналар
  • Әмбебап индикаторлық қағаз (pH 1–14)
  • МТ-543 қол мотовилосы (жіптің сызықтық тығыздығын анықтау үшін)
  • Қосымша зертханалық құралдар (қайшы, пинцет және т.б.)

Материалдық-техникалық базаның жаңартылуы ғылыми зерттеулердің мүмкіндігін кеңейтіп, оқу сапасын арттыруға және заманауи тоқыма өндірісіне қажетті мамандар даярлауға жағдай жасайды.

Факультеттің кафедралары

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз