Жетістіктері

1. Ғылыми жобалар және гранттық қаржыландыру

2025 жылы кафедра оқытушылары ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурстарынан сәтті өтіп, ғылыми әлеуеттің жоғары деңгейін және жүргізіліп жатқан зерттеулердің өзектілігін дәлелдеді.

«Жас ғалым» жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру бағдарламасы (2025–2028 жж.) аясында
«Жартылай функционалды тоқыма материалдарын алу технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы жоба қолдау тапты.
Қаржыландыру көлемі — 30 млн теңге.
Жоба жетекшісі — Такей Ергенгүл.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсы аясында
«Арнайы қасиеттері бар жаңа тоқыма материалдарын алу технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы жоба мақұлданды.
Қаржыландыру көлемі — 120 млн теңге.
Жоба жетекшісі — Джуринская Индира Михайловна.

Бұл жобаларды жүзеге асыру тоқыма материалтану саласындағы инновациялық технологияларды дамытуға және кафедраның ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға бағытталған.

2. Студенттерді республикалық конкурстар мен олимпиадаларға дайындау

2025 жылы кафедраның профессор-оқытушылар құрамы студенттерді республикалық ғылыми конкурстар мен олимпиадаларға дайындау бағытында белсенді жұмыс жүргізді.

Буркитбай А., Абишова А.С., Дюсенбиева К.Ж., Орманова М.А., Алтынбаева А.Т. жетекшілігімен студенттер Республикалық студенттік ғылыми жұмыстар конкурсына қатысты.
Конкурсқа 9 студенттік жұмыс ұсынылды.

Сонымен қатар, 2025 жылы кафедра студенттері Республикалық олимпиадаға қатысып, 1 орынға ие болды. Бұл студенттердің кәсіби дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.

3. Кафедра студенттерінің жетістіктері

2025 жылы кафедра студенттері республикалық конкурстарға, ғылыми конференцияларға және шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысып, университет абыройын жоғары деңгейде танытты.

  • «ҚР Үздік студенті» республикалық конкурсы

    НИНИЦ «Bilim Orkenieti», Астана қ., 2025 ж. желтоқсан
    Адилжан Наргиз Сайранқызы, ТООП-22-11 тобының 4 курс студенті
    Сертификатпен марапатталды.
    Жетекшісі — Алтынбаева А.Т.

  • «Менің қалам – менің бояуларым» студенттік іс-шарасы
    АО «АТУ», 16.09.2025
    Адилжан Наргиз Сайранқызы — қатысушы, сертификат.
    Жетекшілері — Алтынбаева А.Т., Орманова М.А.

  • Жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы
    «ҒЫЛЫМ. БІЛІМ. ЖАСТАР»
    АО «АТУ», 10.04.2025
    Қаржаубай Ә.А., 4 курс студенті — 3 орын.

Бұл жетістіктер кафедрада студенттердің ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Факультеттің кафедралары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз