Тәжірибе және жұмысқа орналастыру

«Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік практиканың мақсаты — 1, 2, 3, 4 және 5-курстарда білім алушылардың алған кәсіби біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру. Кәсіптік практиканың барлық түрлерін (оқу, өндірістік және дипломалды практика) студенттер Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аумағындағы кәсіпорындарда өтеді.

Студенттер кәсіпорын басшыларынан оң пікірлер алып, практика бойынша есептерін ұсынады. Практика есептерін қорғау кафедра оқытушыларының қатысуымен комиссия алдында өткізіледі.

Дипломалды практикадан өту кезінде кафедра мен кәсіпорындар тарапынан практика жетекшілері тағайындалып, практиканың жоспарлы түрде жүргізілуі қамтамасыз етіледі.

Студенттер мен түлектерді кәсіпорындар мен компанияларға тартудың тиімді құралдары: қалалық Жұмыспен қамту орталығының бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, АТУ-да жыл сайын өткізілетін бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, интернет-ресурстарды пайдалану, кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары туралы АТУ хабарландыру тақтасы, сондай-ақ саланың жетекші кәсіпорындарында практикадан өту.

Жұмыс берушілермен бірлескен талқылаулар барысында кафедра түлектері туралы оң пікірлер алынды. Сонымен қатар студенттердің практика күнделіктерінде кәсіпорындар мен ұйымдар тарапынан жағымды мінездемелер мен пікірлер берілді.

1-курс студенттерінің оқу-таныстыру практикасы кезеңінде «Атакент» көрме орталығына, Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейіне, Орталық мемлекеттік музейге, Халық музыкалық аспаптар музейіне, Алматы хайуанаттар бағына, сондай-ақ кафедра мен университеттің мамандандырылған зертханаларына онлайн форматта экскурсиялар ұйымдастырылды.

«Дизайн» кафедрасының оқытушылары «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған практикадан өту бағдарламасын әзірлеп, бекітті.

Практикаға жетекшілік етуге практикалық жұмыс тәжірибесі мол кафедра оқытушылары тартылды: кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әбдіқаева А.К.; лектор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Байкенова Ш.М.; техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сабитова А.М.; Мұқажанова К.Ж.; ассистент-профессор Төлепбай Е.Т.; ассистент-профессор, лектор Балтабаев М.Б.; ассистент-профессор Мұқажанова К.Ж.; PhD, ассистент-профессор Әбілқаламова К.К.; PhD, ассистент-профессор Смайлова У.У.; PhD, ассистент-профессор Дошибекова А.Б.; сениор-лектор Досмағамбетова М.Ф.; сениор-лектор Алданаева А.М.; сениор-лектор Мауленова М.Р.; лектор Досмаилова Д.Б.; лектор Тоғабаева Г.Ш.; сениор-лектор Төремуратова Г.Е.; сениор-лектор Жуманазарова А.Е.; сениор-лектор Айтқұлова Б.Д.; сениор-лектор Кеңесбек Ж.С.; лектор Гааже Ж.Б.; лектор Дальнова И.А.; сениор-лектор Айдосова К.П.; лектор Мұқатай Ә.Қ.

Өткен оқу кезеңінде студенттер келесі кәсіпорындарда кәсіби тәжірибеден өтті: «Касымова А.З.» ЖК (Aigul Kasymova ательесі), Алматы қ.; «Usenova» ЖК, Алматы қ.; «Nur ganym brand» ЖК, Ақтау қ.; «АТУ» АҚ, «Дизайн» кафедрасының тігін цехы; «Аруназ» ательесі ЖК, Алматы қ.; «Беккулиева А.С.» ЖК, Алматы қ.; «Бекжан НурилАй» ЖК (ателье), Ақтау қ.; «Балалар әдебиеті» ЖШС; «UNIGATE» ЖШС, Алматы қ.; «Azimut» ЖШС, Алматы қ.; «Galiyaart» ЖК; «Kerim» ЖК, Алматы қ.; «АТЕЛЬЕ ALTEX» ЖШС, Алматы қ.; «Tauekel Br» ЖШС, Алматы қ.; «Кәсіптік білім беру орталығы» ЖШС, Алматы қ.; «VIVA mebel» ЖШС, Алматы қ.; «Типография Uniprint» ЖК, Алматы қ.; «Papirus Group» ЖК, Алматы қ.; «Навилайн» ЖШС, Алматы қ.; «Бибайша Уайс» ЖК (B.UEIS бренді), Алматы қ.; «Жанкараева» ЖК («от Couture» бренді), Алматы қ.; «Дана Дель» ЖК, Алматы қ.; «Токтасынова Жаныл Нурпеисовна» ЖК және басқа да көптеген кәсіпорындар.

«Дизайн» кафедрасының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие және жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаланады. Олар «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «Балалар әдебиеті» баспасы ЖШС, «Goldberry» ЖК (Алматы қ.), «Unikumclass» ЖК, «Дземан Н.А.» ЖК, «Лошкарева» ЖК, «Татьяна» ательесі, «Iprint» ЖШС, «MarkLine» ЖШС, «Антонов А.В.» ЖК, «Judy Ai» ЖК, «Алматыкітап Баспасы» ЖШС, «ENDEAVOUR» ЖШС, «AIDA KAUMENOVA» ЖШС, «Жулдызбаева Б. М.» ЖК (Qaragym бренді, Алматы қ.), MOEN ательесі (Астана қ.), Sevil Space (Алматы қ.), «Астана қаласының урбанистика орталығы» ЖШС, «New Media» ЖШС (Ақтөбе қ.), «Технодом Оператор» АҚ, «Eunoia» ЖК (Алматы қ.) сияқты кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз