«Дизайн» кафедрасының 2025 - 2026 оқу жылындағы ғылыми қызметі туралы
2025–2026 оқу жылының есептік кезеңінде «Дизайн» кафедрасының қызметкерлері белсенді ғылыми жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, 79 ғылыми еңбек жарияланды, оның ішінде: 1 оқу құралы, 1 оқулық, Scopus халықаралық деректер базасында индекстелетін басылымда 1 мақала, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚК) ұсынған басылымдарда 5 мақала, басқа ғылыми басылымдарда (ATU Design Science) 8 мақала, шетелде жарияланған 1 баяндама тезисі және конференцияларда ұсынылған 44 баяндама тезисі, оның 8-і халықаралық, 36-сы республикалық конференцияларда жарияланған. Тезистердің жалпы санының 33-і студенттермен бірлескен авторлықта жарияланды.
Сонымен қатар 2 патент алынып, патент алуға 4 өтінім берілді және 16 авторлық куәлік рәсімделді. Сондай-ақ 4 дипломдық жоба өндіріске енгізілді.
Өткен 2024 - 2025 оқу жылымен салыстырғанда ғылыми жарияланымдар саны 67-ден 79-ға дейін өсіп, өсім көрсеткіші 17,9 %-ды құрады.
Кафедрада екі бастамашыл тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді:
Инновациялық қызмет
2023-2024 оқу жылында «Дизайн» кафедрасында 1 монография және 3 оқу құралы бар, олар оқу процесіне енгізілді, сондай-ақ 5 дипломдық жобаның нәтижелері өндіріске енгізілген.
|
№ пп |
Ғылыми әзірлеменің атауы |
Авторлар |
Енгізу дәрежесі (ендірілгендер үшін – енгізілген немесе пайдаланылатын жерде (оқу процесіне/өндіріске) |
Ендірілгендер үшін-енгізілген немесе пайдаланылған жерде (оқу процесіне/өндіріске) |
|
1 |
Оқу құралы «Фэшн дизайн, «Сән және жарнама әлемі» |
Тогабаева Г.Ш., Алданаева А.М. |
Оқу процесіне енгізілді |
№ 1 ғылыми-әдістемелік кеңес отырысының хаттамасынан үзінді 27.09.2023 ж. |
|
2 |
Монография «Innovation in Science the challenges of our time» |
Торемуратова Г.Е. |
Оқу процесіне енгізілді
|
Ғылыми кітапханадан анықтама АТУ, 21 қараша 2023 ж. |
|
3 |
Оқу құралы «Дизайн объектілерін зерттеу» |
Сабитова А.М., Абилкаламова К.К., Шайзаданова Г.С. |
Оқу процесіне енгізілді |
№ 6 ғылыми-әдістемелік кеңес отырысының хаттамасынан үзінді 29.06.2023 ж. |
|
4 |
Оқу құралы «Костюм графикасының негіздері» |
Смайлова У.У Бекзат А.Б. |
Оқу процесіне енгізілді |
Ғылыми кітапханадан анықтама АТУ, 17 май 2024 ж.
|
|
5 |
"Judy Ai" АҚ базасында Заманауи тоқуды және унисекс стиліндегі жылынудың түрлі технологияларын пайдалана отырып, қазақ шапандарының топтамасын әзірлеу |
Рахмет Ә.Б. рук. Сабитова А.М.
|
Өндіріске енгізілді |
Енгізу Актісі 27.05.2024 ж. |
|
6 |
Balnur Doszhan кәсіпорны базасында декорда сашико және боро кестелеу техникасын қолдана отырып, кездейсоқ стильдегі әйелдер күнделікті киімдерінің топтамасын жобалау |
Маханбетәлі Н. О. рук. Сабитова А.М.
|
Өндіріске енгізілді |
Енгізу Актісі 27.05.2024 ж. |
|
7 |
"Judy Ai" сайтының фирмалық стилі мен дизайнын әзірлеу |
Крыкбаева А. М. рук. Сабитова А.М. |
Өндіріске енгізілді |
Енгізу Актісі 28.05.2024 ж. |
|
8 |
Кестелеу әдісімен композициялық стильдеу үлгілерін пайдалана отырып, заманауи жастар топтамасының жиынтығын жобалау |
Абжапбар М. К. рук. Смайлова У.У. |
Өндіріске енгізілді |
Енгізу Актісі 28.05.2024 ж. |
|
9 |
«Кесте» технологиясы бойынша ұлттық өрнектері бар заманауи бұйымдар топтамасын жобалау |
Куат Д. С. рук. Смайлова У.У. |
Өндіріске енгізілді |
Енгізу Актісі 28.05.2024 ж. |
«Дизайн» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу жұмысы мынадай бастамашыл ғылыми жобалар шеңберінде жүзеге асырылады:
Жетекшісі: PhD, асс. профессор Сартарова Л.Т.
Ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушылары: сеньор-лектор, магистр Жұманазарова А. Е. сеньор-лектор, магистр Дошибекова А. Б.
Жетекшісі: и.о. асс. профессора Абилкаламова К.К.
Ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушылары: и.о. асс. профессора Сабитова А.М., сеньор-лектор, магистр Айткулова Б.Д., магистрант Сенбаева Н.Ә.
«Дизайн» кафедрасының оқытушылары мен студенттері республикалық байқаулар мен бітіру жұмыстарының конкурстарына, халықаралық жас дизайнерлер конкурстарына, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына белсенді қатысады.