Халықаралық ынтымақтастық

Алматы технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасы сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында шетелдік және отандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары — білім алушылар алмасуы, шетелдік оқытушыларды тарту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және дизайн саласындағы тәжірибе алмасу.

2025–2026 оқу жылында 6В02101 – «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері Болгария, Түркия және Қырғызстан университеттерінде халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысты.

Жүсіп Ақниет Рахметқызы мен Скиба София Игоревна 2025 жылғы 15 қыркүйек пен 14 желтоқсан аралығында Габрово техникалық университетінде (Болгария) білім алды.

Түркияның Анталья қаласындағы Акдениз университетімен ынтымақтастық жалғасуда. 3-курс студенті Калдыбаева Феруза Тургун кызы 2025 жылғы 15 қыркүйек пен 14 желтоқсан аралығында, ал 3-курс студенті Шамилова Тахмина Бадировна 2026 жылғы 19 қаңтар мен 1 маусым аралығында аталған университетте білім алды.

Ош мемлекеттік университетімен (Қырғызстан) ынтымақтастық аясында 1-курс студенттері Мадрагимова Анара, Туташова Акылай және Алтынбекова Мээрзат 2026 жылғы 19 қаңтар мен 1 маусым аралығында білім алды.

«Дизайн» кафедрасы шетелдік серіктес университеттердің студенттерін де қабылдайды. 2025 жылғы 2 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында Акдениз университетінің студенттері Tumsel Maya, Akyol Sude Naz және Erisek Hazal Elcin білім алды. 2026 жылғы 19 қаңтар мен 1 маусым аралығында Ош мемлекеттік университетінің студенттері Женишбек кызы Аделина, Жоошбаева Сезим және Аманбаева Дилара кафедрада оқыды.

2025–2026 оқу жылында ішкі шығыс академиялық ұтқырлық аясында «Дизайн» білім беру бағдарламасының 21 студенті 2026 жылғы 19 қаңтар мен 1 маусым аралығында Ақтөбе, Астана, Тараз және Шымкент қалаларындағы университеттерге оқуға жіберілді.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Құлжігітова Аңсаған Қамбарқызы білім алды. Астанадағы Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде Нұржан Данагүл Ғалымбекқызы, Кидирбаева Меруерт Мұратбекқызы, Шаяжанова Нурай Абзаловна, Болатбек Сымбат Қайратқызы, Дайрабай Аида Жандосқызы, Мұхит Нұрмаржан Оразбекқызы, Дүйсенбек Диана Оразалықызы, Жалешова Раушан, Карибай Нұрила, Нұрлан Аида, Дарханқызы Мадина және Смаділда Айзере білім алды.

М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Қожайхан Ақнұр Мұхтарқызы мен Нарбек Айару Ерланқызы, ал Шымкент қаласындағы М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Жумабек Куралай Маликкызы, Дауылбек Динара Умирбеккызы, Нурабай Ханзада Ғалымжанқызы, Сағат Қарақат Сакенқызы, Даутбек Айнұр Ғалымжанқызы және Сырлыбай Диана Саматқызы білім алды.

Ішкі кіріс академиялық ұтқырлық аясында 2026 жылғы 19 қаңтар мен 1 маусым аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері Алмағанбетова Айгерім Қайратқызы, Ембергенова Меруерт, Талғатбекова Назерке Ибрагимқызы, Саламатова Аружан Саламатқызы және Төлтаева Ақалқа Кенжетайқызы кафедрада білім алды. Осы кезеңде Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінен Павлова Карина Антоновна және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен Исаханова Рауанбану оқыды. Қызылорда университетінің студенті Ақылбекова Дана Самалбекқызы 2025 жылғы 2 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында білім алды.

Кафедра шетелдік оқытушыларды тартуға ерекше көңіл бөледі. Түркиядағы Акдениз университетінің ассистент-профессоры, PhD Езиева Мариям «Заманауи дизайн және жасанды интеллект» бағыты бойынша оқу үдерісіне қатысты. Өзбекстандағы Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтының ассистент-профессоры, PhD Вахидова Умида Абдухашимовна «Костюм және сән тарихы» пәнін оқытуға тартылды.

Қытайдағы Шанхай Цзяньцяо университетімен (Shanghai Jianqiao University) ынтымақтастық аясында «Дизайн» кафедрасы студенттерді тәжірибеге бағдарланған бірлескен даярлау, соның ішінде дуальды оқыту мүмкіндіктерін дамытуда. Бұл формат теориялық білімді кәсіби құзыреттерді практикада меңгерумен ұштастыруды көздейді. Бірлескен оқытуды іске асырудың нақты шарттары университеттердің қолданыстағы келісімдері мен оқу жоспарларына сәйкес айқындалады.

Кафедра болашақ дизайнерлерді даярлау сапасын арттыру мақсатында халықаралық байланыстарды, академиялық алмасуды және бірлескен білім беру бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда.

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз