Ғылыми тағылымдамадан өту

Beijing Technology and Business University (BTBU) университетіндегі академиялық алмасу бағдарламасы аясындағы ғылыми тағылымдама

  1. Тағылымдамадан өтуші туралы мәліметтер
  • Т.А.Ә.: Кулайыпбекова Акерке
  • Мәртебесі: 2-курс докторанты
  • Ғылыми жетекшісі (жоғары оқу орнынан): Набиева Ж.С.
  1. Тағылымдама өтетін орын туралы мәліметтер
  • Қабылдаушы ұйым: Beijing Technology and Business University (BTBU)
  • Факультет/құрылымдық бөлімше: Тағам өнімдері және денсаулық сақтау мектебі (School of Food and Health)
  • Бағдарлама: Қысқа мерзімді академиялық алмасу
  • Тағылымдама жетекшісі/кураторы: профессор Ai Nasi
  • Ел: Қытай
  • Тағылымдама мерзімі: 2025 жылғы 8 қыркүйектен 2026 жылғы 9 қаңтарға дейін.
  1. Тағылымдама тақырыбы

«Халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында кондитерлік өнімдер технологиясында қолдануға арналған өсімдік сығындыларын алу биотехнологиясы».

  1. Тағылымдаманың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: BTBU университетінің заманауи ғылыми-зерттеу базасын пайдалана отырып, тағам биотехнологиясы саласындағы зерттеулерді тереңдету және жүргізу, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастық орнату.

Міндеттері:

  • Тағам өнімдері және денсаулық сақтау мектебінің заманауи жабдықтарын пайдалана отырып, өсімдік сығындыларын алу және талдау бойынша бірқатар эксперименттер жүргізу.
  • Биологиялық белсенділікті талдаудың және тағам өнімдерінде ингредиенттерді қолданудың озық әдістерін меңгеру.
  • BTBU қызметкерлері мен студенттеріне арналған академиялық семинарда өзінің ғылыми-зерттеу жобасын таныстырып, презентация жасау.
  • BTBU профессор-оқытушылар құрамымен және ғылыми-зерттеу топтарымен бірлескен ғылыми жарияланымдар мен зерттеу жобаларын жүзеге асырудың әлеуетті бағыттарын талқылау.
  • Алынған тәжірибе мен әдістемелерді докторанттың диссертациялық жұмысында одан әрі қолдану және бейімдеу мүмкіндіктерін талдау.

 

 

 

 

 

2 курс докторанты Бейсембаева А.Б. Lithuanian University of Health Sciences (Head of Department of Food Safety and Quality, Veterinary Academy) "Vocational training for economic growth sectors in Central Asia" GIZ бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуде, Mindaugas Malakauskas (Литва) профессорының басшылығымен ветеринарлық медицина факультеті). Ғылыми жетекшісі: Абжанова Ш. А.

 

 

2 курс докторанты Бейсембаева А.Б. Lithuanian University of Health Sciences  (Head of Department of Food Safety and Quality, Veterinary Academy, Faculty of Veterinary Medicine)

Тамақ биотехнологиясы кафедрасының 2 курс докторанттары Ахметжанова Айдана мен Сағынтай Фариза Мендель университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тәжірибе барысында қазіргі заманғы зерттеу әдістерін игеріп, дипломдық жұмысымның тақырыбы бойынша эксперименттер жүргіздім. Тәжірибеден өткен соң сертификат алдым.

   

  

Тамақ биотехнологиясы кафедрасының 2 курс докторанты Кабылбекова Д., Йокиоинен, Финляндия, Фин табиғи ресурстар институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында ол «Equus caballus SNP генотипіне негізделген өнімділікпен байланысты кандидаттық гендерді іздеу» диссертациялық жұмысының тақырыбы бойынша заманауи зерттеу әдістерін игеріп, эксперименттер жүргізді. Тәжірибеден өткен соң сертификат алдым.

 

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз