Зерттеу және ғылыми жұмыстар

2025–2026 оқу жылында ҚБ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) барлығы 121 ғылыми баспа жұмысын жариялады, оның ішінде: 1 монография; зияткерлік меншік объектілеріне қатысты 23 құжат (оның ішінде: пайдалы модельге 6 патент; өнертабысқа 1 патент; авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәліметтер енгізу туралы 12 куәлік; өнертабысқа патент алу үшін 2 өтінім берілді; өнертабысқа патент бойынша формальды сараптаманың оң нәтижесі туралы 2 хабарлама алынды); 50 мақала, оның ішінде Scopus базасына кіретін басылымдарда – 10, Scopus/Clarivate Analytics базасына кіретін басылымдарда – 11, ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда – 20, шетелдік басылымдарда – 4, басқа басылымдарда – 5; баяндамалар (тезистер) – 47, оның ішінде шетелдік – 25, халықаралық – 11, республикалық – 11.

BR 24993234 «Ұлттық өнімдерді өндірудің инновациялық технологиялары: ет және сүт өнімдерін қарқындату және цифрландыру» ҒЗЖ жобасы аясындағы зерттеу қызметінің нәтижесінде «Первомайские деликатесы» ЖШС өндірісіне жая және құрамы байытылған қалыпталған ет өнімдерін өндіру технологиясы 2 рет енгізілді. Авторлар: Құрманәлі А.Н. (докторант), Абжанова Ш.А.

2024–2025 оқу жылымен салыстырғанда кафедра ПОҚ-ның ғылыми баспа жұмыстарының жалпы саны 2,5%-ға артты.

Scopus және Scopus/Clarivate Analytics базаларына кіретін басылымдардағы жарияланымдардың жалпы саны 4,5%-ға артты.

2025–2026 оқу жылында ҚБ кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары зияткерлік меншік объектілерін қоса алғанда, 66 жұмыс жариялады. Оның ішінде конференция жинақтарында 37 тезис (8 – халықаралық, 20 – шетелдік, 9 – республикалық) жарияланды; 13 мақала жарық көрді (4 – республикалық басылымдарда, оның ішінде 5 – ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда; 4 – Scopus наукометриялық базасында, процентильдері 75%, Q1/Q2, олардың 2-сі ТДМ санатына жатады).

Кафедра ПОҚ-ның жетекшілігімен студенттермен, магистранттармен және докторанттармен бірлесіп зияткерлік меншіктің 16 объектісі алынды: авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәліметтер енгізу туралы 10 куәлік; пайдалы модельге 3 патент және өнертабысқа 1 патент алынды; өнертабысқа патент алу үшін 2 өтінім берілді (6-кесте).

2025–2026 оқу жылында «Қолданбалы биотехнология» кафедрасының жас ғалымдары 44 жұмыс жариялады: конференция баяндамаларының 21 тезисі (оның ішінде 3 – халықаралық, 14 – шетелдік, 4 – республикалық), 12 мақала (5 – Scopus базасында, 3 – ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда, 4 – республикалық басылымдарда). 3 оқу құралы жарияланды. Пайдалы модельге 3 патент, өнертабысқа 1 патент, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәліметтер енгізу туралы 5 куәлік алынды; өнертабысқа патент алу үшін 2 өтінім берілді. Өндіріске енгізу туралы 2 акт бар. Авторлар: Құрманәлі А.Н. (докторант), Абжанова Ш.А. (11-кесте).

Қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдерімен бірлескен жарияланымдар саны – 25 (оның ішінде 10-ы Scopus базасына кіретін басылымдарда, 6-ы Scopus/Clarivate Analytics базасына кіретін басылымдарда); 9 мақала ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда жарияланды. 2024–2025 оқу жылымен салыстырғанда Scopus және Scopus/Clarivate Analytics базаларына кіретін басылымдардағы жарияланымдар саны 23,1%-ға артты (13-тен 16-ға дейін). ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдардағы жарияланымдар саны 55,5%-ға артты (4-тен 9-ға дейін).

Өнеркәсіптік және бизнес-серіктестермен бірлескен жарияланымдар саны – 15 (оның ішінде 4-і Scopus базасына кіретін басылымдарда, 3-і Scopus/Clarivate Analytics базасына кіретін басылымдарда); 7 мақала ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда, 1 мақала шетелдік басылымда жарияланды.

Шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдерімен бірлескен жарияланымдар саны – 10 (оның ішінде 2-сі Scopus базасына кіретін басылымдарда, 8-і Scopus/Clarivate Analytics базасына кіретін басылымдарда); 2 мақала ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда жарияланды.

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша ғылыми жарияланымдар саны – 12 (оның ішінде 4-і Scopus базасына кіретін басылымдарда, 9-ы Scopus/Clarivate Analytics базасына кіретін басылымдарда). Өткен оқу жылымен салыстырғанда ТДМ бойынша жарияланымдар саны 33,3%-ға артты (2024–2025 оқу жылында – 9).

Кафедрада төмендегі бастамашыл ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі:

1) «Ақуызды азықтық қоспаларды қолдану арқылы биологиялық қауіпсіз және толыққанды геродиеталық мал шаруашылығы өнімдерін алу». Ғылыми жетекшісі: Абжанова Ш.А.; іске асыру жылдары: 2023–2025.

2) «Тамақ өнімдерін тұрақты өндіру элементі ретінде сүт сарысуын биотехнологиялық өңдеу». Жоба жетекшісі: Матибаева А.И.; іске асыру жылдары: 2026–2028.

3) «Алматы облысының сүт саласында тұрақты өндіру үшін пробиотиктермен байытылған және сарысуды биовалоризациялауға негізделген функционалдық қышқыл сүт өнімдерінің биотехнологиясын әзірлеу». Жоба жетекшісі: Джетписбаева Б.Ш.; іске асыру жылдары: 2023–2025.

4) «Өсімдіктердің өсуін ынталандыратын бактериялар мен олардың метаболиттерін зерттеу». Жоба жетекшісі: Усманова А.Д.; іске асыру жылдары: 2026–2028.

5) «Синбиотикалық мақсаттағы дәрумендермен байытылған пастиланың сапасы мен функционалдық қасиеттеріне модификацияланған технологияның әсерін зерттеу». Жоба жетекшісі: Жельдыбаева А.А.; іске асыру жылдары: 2026–2028.

6) «Алматы облысындағы адаптоген өсімдіктердің биологиялық белсенділігін зерттеу». Жоба жетекшісі: Лесова Ж.Т.; іске асыру жылдары: 2026–2028.

 

Ғылым саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық

 

АР23489874 жобасы және Салерно университетімен (Италия) ынтымақтастық туралы меморандум аясында Набиева Ж.С. докторант Кулаипбекова А.А.-мен бірге ProdAl Scarl консорциумы – Салерно университетінің базасында тағылымдамадан өтті. Докторант Кулаипбекова А. 04.05.2025–16.06.2025 аралығында, ал Набиева Ж.С. 01.06.2025–16.06.2025 аралығында тағылымдамадан өтті. Өңдеу жағдайларын оңтайландыру мақсатында дәстүрлі қатты затты сұйықтықта экстракциялау әдісімен алынған долана жапырақтары ұнтағы экстрактілеріндегі фенолдық қосылыстардың жалпы мөлшеріне, флавоноидтардың жалпы мөлшеріне және антиоксиданттық белсенділікке (темірді тотықсыздандыру қабілеті, бос радикалдарды бейтараптандыру қабілеті) экстракция температурасы, диффузия уақыты, этанол концентрациясы және қатты және сұйық фазалардың арақатынасы сияқты төрт тәуелсіз фактордың әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді.

Дәстүрлі қытай медицинасы өндірісі, басқару және мәдени алмасу салаларындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайту мақсатында техника ғылымдарының кандидаты, профессор Шолпан Амангелдіқызы Абжанова 2025 жылғы 2–10 қараша аралығында Қытайдың Цзянси провинциясындағы Jiangxi Shunfutang Traditional Chinese Medicine Decottion Pieces Co., Ltd. компаниясына барды. Қытайда болған кезеңде зауытқа экскурсия ұйымдастырылып, кездесулер өткізіліп, болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Сапар нәтижесінде жемісті әріптестік байланыстар орнатылды.

Ынтымақтастық туралы меморандум аясында докторант Кулаипбекова А.А. PhD, қауымдастырылған профессор Набиева Ж.С. және PhD, профессор Ai Nasi жетекшілігімен 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы қаңтарға дейін Бейжің технология және бизнес университетінің (Қытай) Тағамтану және денсаулық сақтау мектебінің зертханаларында тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында долана экстрактілеріне тереңдетілген химиялық талдау жүргізілді.

Тағылымдаманың мақсаты: BTBU-дың заманауи зерттеу базасын пайдалана отырып, тағам биотехнологиясы саласындағы зерттеулерді тереңдету және жүргізу, ғылыми ынтымақтастық орнату.

Тағылымдаманың міндеттері: Тағамтану және денсаулық сақтау мектебінің заманауи жабдықтарын пайдаланып, өсімдік экстрактілерін алу және талдау бойынша эксперименттер сериясын жүргізу; биологиялық белсенділікті талдаудың және ингредиенттерді тағам өнімдерінде қолданудың озық әдістерін зерделеу; BTBU қызметкерлері мен студенттеріне арналған академиялық семинарда өзінің зерттеу жобасын таныстыру; BTBU профессорлық-оқытушылық құрамымен және зерттеу топтарымен бірлескен ғылыми жарияланымдар мен зерттеу жобаларының ықтимал бағыттарын талқылау; алынған тәжірибе мен әдістемелерді диссертациялық жұмыста одан әрі пайдалану үшін бейімдеу мүмкіндігін талдау.

 

PhD, қауымдастырылған профессор Набиева Ж.С. мен докторант Кулаипбекова А.А.-ның ProdAl Scarl консорциумында, Салерно университетінде (Италия) тағылымдамадан өтуі

  

 

 

 

 

Докторант Кулаипбекова А.А.-ның Бейжің технология және бизнес университетіндегі (Қытай) тағылымдамасы 

Ынтымақтастық туралы меморандум аясында магистрант Жаханова А. PhD, қауымдастырылған профессор Набиева Ж.С. және PhD, профессор Sun Jie жетекшілігімен 2025 жылғы 20 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін Пиндиншань қаласындағы Денсаулыққа пайдалы тағамдар саласындағы бірлескен инновациялар орталығының (Pingdingshan Health Food Collaborative Innovation Center), Хэнань қала құрылысы институтының (Қытай) зертханаларында тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында итмұрын экстрактілері қосылған пастила зерттелді.

  

Магистрант Жаханова А.-ның Пиндиншань қаласындағы Денсаулыққа пайдалы тағамдар саласындағы бірлескен инновациялар орталығында, Хэнань қала құрылысы институтында тағылымдамадан өтуі

(Пиндиншань қ., Қытай)

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы кафедраның профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен

2025–2026 оқу жылында кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары төмендегі іс-шараларға қатысты:

1) «Ғылым. Білім. Жастар» жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы (2026 жылғы 9 сәуір, «АТУ» АҚ).

2) «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 2025 жылғы 23 қазан.

3) «Жас зерттеушілердің халықаралық форумы – 2025» III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 2025 жылғы 6 қараша, Петрозаводск, РФ.

4) XI халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 2025 жылғы 19–21 қараша, Сан-Антонио (Техас, АҚШ).

5) Студенттер мен оқушылардың Бүкілресейлік зерттеу форумы. II Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция (2025 жылғы 15 желтоқсан), Петрозаводск, РФ.

6) «Тоңазытқыш техникасы, инженерлік жүйелер және биотехнология» VII ұлттық конференциясы, Кемерово қ., КемМУ (РИНЦ).

7) «Инженерия бүгін. Мәселелер, үрдістер, перспективалар» оқытушылардың, жас ғалымдар мен студенттердің Бүкілресейлік ғылыми-практикалық интернет-конференциясы, РФ, 16–18 ақпан (РИНЦ).

Оқу жылының басында STARTUP-ATU байқауы басталып, оның екінші кезеңі 2025 жылғы 15 желтоқсанда өткізілді. Ахметова Н.Қ. және Құрманәлі А.Н. жетекшілігімен 2-курс студенттері Рымжан Дамир, Есберген Ернұр, Мамыт Қарлығаш «Табиғи эфир майларынан арома шам жасау» жобасын ұсынып, қорғады.

«EcoAroma Candles» стартап-жобасы «START-UP ATU-2026» байқауының жеңімпаздарының бірі атанды!

«EcoAroma Candles» жобасы «START-UP ATU-2026» байқауының жеңімпаздары қатарына еніп, 500 000 теңге сомасына сертификатпен марапатталды.
Сертификатты «Эндаумент АТУ» корпоративтік қоры табыстады.

Жоба авторлары:

  • 2-курс студенттері: Есберген Е., Мамыт Қ., Рымжан Д.;
  • ғылыми жетекшілері: Ахметова Н.Қ., Құрманәлі А.Н.

Қазіргі уақытта нарықтағы көптеген шамдардың құрамында парафин мен химиялық хош иістендіргіштер бар, олар адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар табиғи, қауіпсіз және шын мәнінде босаңсытатын өнімдер әлі де жеткіліксіз. EcoAroma Candles жобасы табиғи хош иістер мен экологиялық таза өнімдер арқылы адамдарға жайлылық, тыныштық және эмоциялық тепе-теңдік сыйлауды мақсат етеді. Жоба биотехнологиялық әдістерді қолдана отырып, табиғи өсімдіктерден эфир майларын алу технологиясына негізделген және босаңсыту әсері бар, экологиялық таза әрі денсаулыққа қауіпсіз хош иісті шамдар жасауды көздейді.

«EcoAroma Candles» – табиғи эфир майлары негізінде ароматерапиялық шамдар өндіруге бағытталған стартап-жоба.

«Vocational training for economic growth sectors in Central Asia» жобасы аясында докторант Бейсембаева А.Б. Каунас қаласында (Lithuanian University of Health Sciences) ғылыми тағылымдамадан өтті. Сертификаты бар.

2026 жылғы 27 сәуірде 3-курс студенттері Мирзаев Бастахун, Хритина Анна және Богомолов Сергей әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Қатысу қорытындысы бойынша білім алушылар сертификаттармен марапатталды, бұл олардың республикалық ғылыми-білім беру іс-шарасына белсенді қатысуын және жоғары дайындық деңгейін растайды. Ғылыми жетекшісі: Усманова А.Д.

2025 жылғы 9 сәуірде «АТУ» АҚ-да өткен «Ғылым. Білім. Жастар» жас ғалымдардың жыл сайынғы республикалық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы бойынша 3-курс студенті Хритина Анна II орын дипломын алды.

XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне қатысқаны үшін алғыс хат

(3-курс студенттері Мирзаев Бастахун, Хритина Анна және Богомолов Сергей)

«Ғылым. Білім. Жастар» жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасағаны үшін құрметті II орын, 2026 жылғы 9 сәуір. Алматы: АТУ

(студент Хритина А.)

 

 

«START-UP ATU-2026» байқауындағы «EcoAroma Candles» жобасының авторлары

2-курс студенттері Есберген Е., Мамыт Қ., Рымжан Д. ғылыми жетекшілері Ахметова Н.Қ. және Құрманәлі А.Н.-мен бірге

500 000 теңге сомасына сертификат,
«START-UP ATU-2026»

 

 

 

«BioVerde» ғылыми үйірмесі жергілікті өсімдік шикізаты негізінде биөнімдерді (аппетайзерлерді) әзірлеу саласында зерттеу қызметін жүзеге асырады. Үйірме жұмысы аясында студенттер заманауи биотехнологиялық әдістерді меңгереді, ғылыми зерттеулер жүргізеді және практикалық маңызы жоғары өнімдер жасауға бағытталған инновациялық жобаларды іске асыруға қатысады. Ғылыми жетекшісі: Байбекова А.У. – ҚБ кафедрасының сеньор-лекторы.

  

Студенттер Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтында ғылыми зерттеулер жүргізіп, дипломдық жобамен жұмыс істеуде. Жетекшісі: ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Каташева А.Ч.

   

Молекулалық биология әдістерін көрсету

Студенттер мен магистранттар биология ғылымдарының кандидаты, доцент Амирова А.К.-мен бірге

 

Магистранттар ғылыми жобалармен жұмыс істеу барысында

Студенттер Қайнар кентіндегі вируссыз картоп микротүйнектерін өндіретін биотехнологиялық зауытқа экскурсияда, жылыжай жағдайлары

Ғылыми жетекшісі: Лесова Ж.Т.

2025–2026 оқу жылында кафедра ПОҚ-ның студенттермен, магистранттармен және докторанттармен бірлескен өнертапқыштық қызметінің нәтижесінде зияткерлік меншіктің 16 қорғау құжаты алынды, оның ішінде: авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәліметтер енгізу туралы 10 куәлік; пайдалы модельге 3 патент, өнертабысқа 1 патент алынды; өнертабысқа патент алу үшін 2 өтінім берілді.

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз