Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-педагогикалық тәжірибесі мол, кәсіби құзыреттілігі жоғары, теориялық білімі мен практикалық дағдылары қалыптасқан білікті ғалымдар мен мамандардан тұрады. Оқытушылар Қазақстан Республикасының тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің ғылыми және өндірістік ұйымдарында тағылымдамадан тұрақты түрде өтіп, кәсіби біліктілігін арттырады. Бакалаврларды, магистранттар мен докторанттарды даярлау үдерісіне жаратылыстану ғылымдары бағытындағы жетекші оқытушылар тартылып, бұл мамандарды даярлауда пәнаралық тәсілді қолдануға және білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіруге, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және оқыту тиімділігін арттыруға белсенді қатысады. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету деңгейін дамыту мақсатында жыл сайын бекітілген оқу және әдістемелік әдебиеттерді басып шығару жоспарына сәйкес оқытушылар тарапынан оқу құралдары, монографиялар және басқа да ғылыми-әдістемелік еңбектер әзірленіп, жарияланады. Кафедра оқытушыларының кәсіби жетістіктері республикалық деңгейде бірнеше рет жоғары бағаланып, кафедра өкілдері «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық конкурсының лауреаттары атанған.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері:
ПОҚ жетістіктері
Кафедрада профессор-оқытушылар құрамының бастамасымен төмендегідей ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) жүзеге асырылуда:
Шикізат пен дайын тамақ өнімдеріне физика-химиялық (микроскопия, поляриметрия, колориметрия, рефрактометрия, спектроскопия), органолептикалық, биохимиялық және микробиологиялық зерттеулер АТУ-дың Тағам қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты мен «Қолданбалы биотехнология» кафедрасының базасында жүргізіледі. Аталған зерттеулер шикізат пен дайын өнімдердің сапа және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмыс жоспарына сәйкес, тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы мен қауіпсіздігін, қоректік заттардың сіңімділік дәрежесін және нақты энергетикалық құндылығын анықтау мақсатында физиологиялық зерттеу әдістері де қолданылады.
Кафедра жыл сайын Алматы технологиялық университеті ұйымдастыратын «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысады. Конференция жинағында кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жарияланады (2-қосымша).
Сонымен қатар, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының өкілі Лесова Ж.Т. 2025 жылғы 3–5 қазан аралығында Албанияның Тирана қаласында өткен «Invitation to the International Conference on Agriculture and Life Sciences (ICOALS V)» халықаралық конференциясына қатысты.
Набиева Ж.С. Шәкәрім университетінің хабаршысы, «Техникалық ғылымдар» сериясы редакциясының атынан 9 ғылыми мақалаға рецензия жазғаны үшін журнал рецензенті сертификатымен марапатталды.
Кафедра студенттері де шетелдік халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысып келеді. Атап айтқанда:
Аталған конференцияларға қатысу қорытындысы бойынша студенттер тиісті сертификаттарға ие болды.
2025 жылы Абдигалиева Т.Б. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болып, осы жетістігі үшін медальмен және сыйақымен марапатталды.

2025 жылы Абдигалиева Т.Б. «ЖОО-ның үздік оқытушысы»

а) Жельдыбаева А.А. – жоғары білім беру саласындағы жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды;
б) Нукенова С.А. – студенттерді «In the World of Science and Education» халықаралық ғылыми журналына/конференциясына қатысуға дайындағаны үшін сертификатпен марапатталды.
Баспа қызметі
2025–2026 оқу жылында «Қолданбалы биотехнология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жалпы саны 121 ғылыми баспа жұмысын жариялады. Оның ішінде:
BR 24993234 «Ұлттық өнімдерді өндірудің инновациялық технологиялары: ет және сүт өнімдерін қарқындату және цифрландыру» нысаналы ғылыми-зерттеу жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Первомайские деликатесы» ЖШС өндірісіне байытылған құрамды жая және қалыпталған ет өнімдерін өндіру технологиялары бойынша 2 енгізу актісі рәсімделді.
Жобаның авторлары: Құрманәлі А.Н. (докторант), Абжанова Ш.А.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
2025–2026 оқу жылында кафедраның студенттері, магистранттары мен докторанттары төмендегі ғылыми іс-шараларға белсенді қатысты:
Оқу жылының басында STARTUP-ATU конкурсы басталып, оның екінші кезеңі 2025 жылғы 15 желтоқсанда өткізілді. Ахметова Н.Қ. және Құрманәлі А.Н. ғылыми жетекшілігімен 2-курс студенттері Рымжан Дамир, Есберген Ернұр және Мамыт Қарлығаш «Табиғи эфир майлары негізінде хош иісті шамдар жасау» жобасын ұсынып, өз жұмыстарын қорғады.
«EcoAroma Candles» стартап-жобасы «START-UP ATU-2026» байқауының жеңімпаздары қатарынан орын алды!
«EcoAroma Candles» жобасы «START-UP ATU-2026» байқауында жеңімпаз атанып, 500 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. Сертификатты «АТУ Эндаумент» корпоративтік қоры табыстады.
Жоба авторлары:
Қазіргі таңда нарықтағы көптеген хош иісті шамдардың құрамында парафин мен адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін химиялық хош иістендіргіштер кездеседі. Сонымен қатар табиғи, қауіпсіз әрі босаңсыту әсері бар өнімдерге деген сұраныс жоғары болғанымен, мұндай өнімдердің ұсынысы жеткіліксіз.
EcoAroma Candles жобасының мақсаты – табиғи хош иістер мен экологиялық таза өнімдер арқылы адамдарға жайлылық, тыныштық және эмоционалдық тепе-теңдік сыйлау. Жоба табиғи өсімдіктерден биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы эфир майларын алу технологиясына негізделген және босаңсыту әсері бар, экологиялық таза әрі денсаулыққа қауіпсіз хош иісті шамдар өндіруді көздейді.
«EcoAroma Candles» – табиғи эфир майлары негізінде ароматерапиялық шамдар өндіруге бағытталған стартап-жоба.
«Vocational Training for Economic Growth Sectors in Central Asia» жобасы аясында докторант Бейсембаева А.Б. Каунас қаласындағы Литва денсаулық ғылымдары университетінде (Lithuanian University of Health Sciences) ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан өткені туралы сертификаты бар.
2026 жылғы 27 сәуірде 3-курс студенттері Мирзаев Бастахун, Хритина Анна және Богомолов Сергей әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша білім алушылар белсенді қатысқаны және жоғары дайындық деңгейін көрсеткені үшін сертификаттармен марапатталды.
Ғылыми жетекшісі: Усманова А.Д.
2025 жылғы 9 сәуірде «АТУ» АҚ базасында өткен жас ғалымдардың жыл сайынғы «Ғылым. Білім. Жастар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы бойынша 3-курс студенті Хритина Анна II орын үшін дипломмен марапатталды.

XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне қатысқаны үшін алғыс хат.
(3-курс студенттері: Мирзаев Бастахун, Хритина Анна және Богомолов Сергей).
.png)
«Ғылым. Білім. Жастар» жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясында (2026 жылғы 9 сәуір, Алматы қаласы, АТУ) ғылыми баяндама жасағаны үшін II орын.
(Студент: Хритина А.).
.jpeg)
«START-UP ATU-2026» байқауында «EcoAroma Candles» стартап-жобасын ұсынған авторлар: 2-курс студенттері Есберген Е., Мамыт Қ., Рымжан Д. және ғылыми жетекшілері Ахметова Н.Қ., Құрманәлі А.Н.
.jpeg)
«START-UP ATU-2026» байқауында жеңімпаз атанғаны үшін 500 000 теңге көлеміндегі сертификат.




