Әдістемелік кеңес

Әдістемелік кеңес - «АТУ» АҚ-да білім беру үдерісін оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз ететін, профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқу жұмысының барлық нысандарының, түрлері мен тәсілдерінің сапасын жақсартуға бағытталған алқалы консультативтік-ұсынымдық басқару органы болып табылады.

Әдістемелік кеңес қызметінің негізгі мақсаты – заманауи білім беру технологияларын енгізу, әдістемелік жұмысты үйлестіру, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, білім беру сапасын мониторингтеу және ғылыми зерттеулерді интеграциялау арқылы оқу процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, сондай-ақ білім беру қызметінің тиімділігін арттыру.

 

  • Жаңа білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен құралдарын енгізуді және бейімдеуді қоса алғанда, оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру.
  • «АТУ» АҚ әдістемелік жұмысты үйлестіру және білім берудегі заманауи талаптар мен инновациялар негізінде оқу процесін жетілдіру.
  • Оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, сондай-ақ білім беру процесін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да материалдарды жоспарлау, сараптау және басып шығаруға ұсыну.
  • Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы озық тәжірибені жинақтау және тарату, сондай-ақ оқыту практикасын талдау арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру.
  • ПОӘК бағалауды және олардың білім беру бағдарламаларына сәйкестігін қоса алғанда, оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру.
  • ЖАОК және ЦББР онлайн-курстарын дамытуды қоса алғанда, оқытудың жаңа технологияларын, әдістері мен құралдарын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  • Тренингтер, семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыруды қоса алғанда, ПОҚ-ның ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыру жөніндегі жұмысты үйлестіру.
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының элективті пәндер каталогын (ЭПК) жаңарту және бекіту.
  • Кешенді емтихандар, қорытынды аттестаттау және білім алушылардың кәсіптік практикасы бағдарламаларын қарау және бекіту.
  • Білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларын, академиялық күнтізбені және оқу процесінің кестесін талқылау және түзету.
  • Ашық және өзара сабақтарға қатысуды талдау және тексеру нәтижелері бойынша түзету шараларын енгізу арқылы оқу процесінің сапасын арттыру.
  • Ғылыми зерттеулер мен инновация нәтижелерін білім беру процесіне енгізу, оның ішінде ақпараттық технологияларды (виртуалды зертханалар, автоматтандырылған оқыту жүйелері) пайдалану.
  • Жоғары білім беру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және білім беру процесіне инновациялар мен стартаптарды енгізу бойынша жобаларды жүзеге асыру.
  • әдістемелік кеңестің отырыстары оқу жылына арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі;

  • жұмыс жоспары кеңестің бірінші отырысында бекітіледі және қажет болған жағдайда түзетіледі;
  • шешімдер кеңеске қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады;
  • қабылданған шешімдер хаттамамен рәсімделеді, оларды кеңес төрағасы (немесе оның орынбасары) және хатшысы қол қояды;
  • хаттамалар Әдістемелік кеңестің хатшысында сақталады.

АТУ Әдістемелік кеңесі төмендегідей бағыттарда маңызды рөл атқарады:

  • білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету;
  • оқытушылардың әдістемелік мәдениетін дамыту;
  • оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізу;
  • университеттің бірыңғай әдістемелік саясатын қалыптастыру.

 

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз