Академиялық сапа жөніндегі кеңес

Негізгі АСК-тың қызмет мақсаты:

         Академиялық сапа жөніндегі кеңес – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (ЖББ және ЖООКББ) білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оларды іске асыру шарттары, бағалау саясаты және өзге де академиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, білім алушылар арасында ЖББ және ЖООКББ бағдарламалары мен (немесе) пәндер/модульдер сапасының сәйкестігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізуді ұйымдастыру, академиялық адалдық қағидаттарының бұзылу фактілерін анықтау және басқа да академиялық мәселелерді қарастыру үшін «АТУ» АҚ және факультеттер деңгейінде құрылған тұрақты жұмыс істейтін алқалы-кеңесші орган болып табылады.

Академиялық сапа жөніндегі кеңестің мақсаты – «АТУ» АҚ-да академиялық қызмет пен оқыту үдерістерінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Академиялық сапа жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын (ЖББ және ЖООКББ) іске асыруда, сондай-ақ тиісті үдерістерді ұйымдастыруда сапалы өзгерістерге жәрдемдесу;

  • «АТУ» АҚ-ның ЖББ және ЖООКББ білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін және көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру;
  • білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы үшін қолайлы әрі дамытушы білім беру ортасын қалыптастыру;
  • академиялық еркіндік, дербес жауапкершілік, академиялық ашықтық пен адалдық, сондай-ақ білім сапасын басқару қағидаттарына негізделген тиімді ішкі академиялық менеджментті қамтамасыз ету;
  • оқыту мен оқу сапасын, академиялық ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету саласында мониторинг жүргізу.

Академиялық сапа жөніндегі кеңестің рөлі:

Академиялық сапа жөніндегі кеңес (АСК) — жоғары оқу орнының ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің негізгі органы болып табылады. Ол білім беру сапасын қамтамасыз ету, дамыту және үздіксіз жетілдіруді жүзеге асырады, ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін басқарады, сондай-ақ академиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады.

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз