Ғылым мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес құру
Құрметті ғалымдар, оқытушылар және ғылыми қызметкерлер!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым мәселелері жөніндегі комитеті жанынан Ғылым мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрылғаны туралы хабарлайды.
Кеңестің қызметі отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін қарастыруға, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Қарауға келесі бағыттар бойынша ұсыныстар қабылданады:
- Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
- Ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру;
- Ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту;
- Ғылыми кадрларды даярлау және қолдау;
- Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру және енгізу.
Ұсыныстарда нақты мәселенің сипаттамасы, оның негіздемесі және ықтимал шешу жолдары қамтылуы тиіс.
Беру тәртібі: Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайты, «Қызмет» → «Сараптамалық кеңестер» бөлімі арқылы, цифрландыру, инновациялар және ғылым жөніндегі комитетті таңдау.
Алматы технологиялық университетінің ғылыми-педагогикалық қызметкерлері мен зерттеушілерін Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды дайындауға және ұсынуға шақырамыз.