АТУ бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі!
Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында АТУ бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті! ATU PULSE – Бір университет – Бір жүрек соғысы стиліндегі жарқын әрі ұмытылмас шоу! Бұл нағыз ауқымды іс-шара болды: толассыз эмоциялар, ерекше драйв, керемет қойылымдар мен жалынды билер!
Қымбатты бірінші курс студенттері! Сіздерді үздік жоғары оқу орны – АТУ студенті атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Биік мақсаттар қойып, мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыздар, таланттарыңызды шыңдап, өздеріңізге сеніңіздер! Оқуларыңыз шабыт сыйлап, сессияларыңыз сәтті өтіп, достықтарыңыз нығая берсін! Сіздер – АТУ-дың үлкен әрі тату отбасының бір бөлшегісіздер!
Жарияланымдарымызды жіберіп алмаңыздар, алда осы ұмытылмас шарадан тағы да көптеген жарқын фотосуреттер, қызықты сәттер мен жаңа бейнероликтер күтіп тұр!






