АТУ-ға Chinese University of Hong Kong университетінің делегациясы келді

АТУ-ға Chinese University of Hong Kong (Гонконг қ., ҚХР) делегациясы - профессор, білім беру саласындағы басқару және саясат кафедрасының меңгерушісі, Алан К.К. Чуенг, профессор Фан Синг Хунг және университет докторантурасының студенті Жиренова Жамиля келді.

Кездесу барысында қонақтар өз университеттерін таныстырып, қызметі туралы айтып берді, сондай-ақ АТУ қызметімен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша «Бір белдеу - бір жол» стратегиясы шеңберінде ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.