FOOD LAB | «Caramel Apple: карамель сиқыры» – тәтті шығармашылық шеберлік сабағы
«Нан өнімдері және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы мен Креатив орталығы FOOD LAB алаңы аясында бірлесіп «Caramel Apple: карамель сиқыры» атты тәтті әрі шығармашылық шеберлік сабағын өткізді!
Қатысушылармен мінсіз карамель дайындаудың құпияларымен НӨжҚӨӨТ кафедрасының оқытушысы Құрметхан Әсем Құрметханқызы бөлісті. Оның жіті жетекшілігімен студенттер десерт әзірлеу технологиясын нөлден бастап меңгеріп, өздерінің тәтті туындыларын жасап шықты.
Бір зертханалық үстел басында түрлі мамандық студенттері бас қосты: болашақ экономистер, қаржыгерлер, дизайнерлер, конструкторлар, бағдарламашылар, биотехнологтар және т.б. Бұл күні басты құрал - ыстық карамель, шырынды алма және шексіз қиял болды.
Өте дәмді әрі ерекше атмосферада болды!



