АТУ СТУДЕНТТЕРІ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУДА!
Алматы технологиялық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінде «Ақпараттық жүйелер» және «Жасанды интеллект технологиялары» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан студенттер Құдайберген Мадина Маратқызы (АЖ-24-14), Баимбет Ерасыл Ерланұлы (АЖ-24-11) және Алханов Даниал Даулетович (ЖИТ-24-11) Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан «Инженерлік ғылымдар бойынша қысқы университет» халықаралық білім беру жобасына қатысуда.
Бағдарлама 2026 жылғы 23 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университетінің базасында ұйымдастырылуда.
Екі апталық бағдарлама барысында студенттер заманауи инженерлік технологиялар саласындағы білімдерін тереңдетіп, халықаралық тәжірибе алмасуға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алуда.
Бұл жоба студенттеріміз үшін халықаралық академиялық ортада тәжірибе жинақтап, білім көкжиегін кеңейтуге жасалған маңызды қадам!
Студенттерімізге нәтижелі оқу, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктер тілейміз!