АТУ ұжымы «Білім және мансап 2026» Халықаралық көрмесін жандырды!

АТУ ұжымы «Атакент» көрме орталығында өткен «Білім және мансап 2026» Халықаралық көрмесін жандырды!

Біз талапкерлермен және олардың ата-аналарымен сөйлесіп, біздің сүйікті АТУ, керемет білім беру бағдарламалары, гранттар, жеңілдіктер, мүмкіндіктер, оқудың артықшылықтары және шынайы мансаптық перспективалар туралы айттық. Көрмеге біздің студент-белсенділеріміз белсене қатысты. Олардың жігері, ашықтығы мен керемет ұйымшылдығы АТУ-да оқу тек дәрістермен ғана шектелмейтінін, сонымен қатар жарқын студенттік өмір, шығармашылық пен шынайы достық екенін көрсетті!

Осы көрме күндерінде бізбен бірге болған баршаңызға алғысымызды білдіреміз! Сіздерді біздің үлкен және тату АТУ отбасымызда күтеміз!