АТУ жас ғалымы Президентке әзірлеген инновациялық жобасын ұсынды

16 қарашада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының техникалық жоғары оқу орындарының студенттерімен және жас ғалымдарымен кездесті. Іс-шараға 9 жетекші техникалық ЖОО қатысты, оның ішінде Алматы технологиялық университеті де болды. 

Кездесуде біздің тағам технологиялары факультетінің 4 курс студенті Димаш Тапалов АТУ ғалымдарының «Ұзақ сақталатын қант қызылшасын өңдеудің және терең өңдеудің инновациялық технологиялары» жобасын таныстырды. Бұл жоба - біздің университет ғалымдарының қант өнеркәсібін дамытуға және елдегі қантпен қамтамасыз ету мәселесін (импортты алмастыру мәселелерін) шешуге қосқан үлесі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ұсынылған барлық бірегей ғылыми әзірлемелер мен технологиялық стартаптардың ел үшін маңызы зор екенін атап өтті.