АТУ-ДА «SMART FOOD INDUSTRIES» СТУДЕНТТІК ХАКАТОНЫ ТАБЫСТЫ АЯҚТАЛДЫ

2026 жылғы 12 қарашада Алматы технологиялық университетінде «Smart Food Industries» студенттік хакатоны табысты аяқталды.

Хакатон барысында студенттік командалар тамақ өнеркәсібі саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеумен айналысты. Қатысушылар тағам қалдықтарын есепке алудың цифрлық жүйелерінен бастап, автоматтандыру және робототехника бағыттарына дейінгі өзекті жобаларын ұсынды.

Хакатон жеңімпаздары:

1-трек: Digital Food Waste Management System for University Campuses

1-орын — «Youngsters» командасы

2-орын — «Аламан» командасы

3-орын — «Biospark» командасы

2-трек: Smart Automation & Robotics for Food Waste Management

1-орын — «Dynamix» командасы

2-орын — «Humanoids» командасы

3-орын — «3arys» командасы

Негізгі жүлделі орындардан бөлек, қазылар алқасы бірқатар командаларды арнайы номинациялар бойынша марапаттады. Сонымен қатар «Nova Drones» компаниясы инновациялық көзқарасы мен технологиялық шешімдері үшін бірнеше командаға ақшалай сыйлықтар табыстады.

«Smart Food Industries» хакатоны БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға бағытталған:

ТДМ 2 — Аштықты жою: азық-түлікті ұтымды пайдалану және тағам шығындарын азайту;

ТДМ 9 — Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: тамақ өнеркәсібіне цифрлық технологияларды, автоматтандыру мен робототехниканы енгізу;

ТДМ 11 — Тұрақты қалалар мен елді мекендер: «ақылды» және экологиялық таза кампустарды қалыптастыру;

ТДМ 12 — Жауапты тұтыну және өндіру: тағам қалдықтарын азайту және жауапты тұтыну мәдениетін дамыту;

ТДМ 13 — Климаттың өзгеруіне қарсы күрес: тағам қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін төмендету.

Қатысушылардың жобалары студенттік инновациялардың университеттің, қаланың және еліміздің тұрақты дамуына нақты үлес қоса алатынын көрсетті.

Алматы технологиялық университеті хакатон жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтай отырып, барлық қатысушыларға, тәлімгерлерге, қазылар алқасына, ұйымдастырушыларға және студенттік инновацияларды дамытуға қолдау көрсеткен «Nova Drones» компаниясына алғыс білдіреді!