АТУ - дағы Корей атмосферасы!
Бізге танымал JOY Kazakhstan «Қазақстанды жақсы көреміз» жастар клубының резиденттері қонаққа келіп, Оңтүстік Корея мәдениетіне ерекше саяхат жасады!
Бірден екі аудиторияны дүр сілкіндірген K-pop биі бойынша шеберлік сабағы өтті. Қатысушылардың көптігі сонша, студенттер тіпті тарқасқысы келмеді!
Стильді фотобудкалар мен ұлттық ханбок киіміндегі естелік суреттер жасалды.
Жарқын концерттік бағдарлама мен дәстүрлі корей ойындары ойнатылды.
Өте әсерлі, көңілді әрі ерекше атмосферада өтті!






