«Тоқыма өндірісінің технологиясы» кафедрасы

Заведущая кафедры

Такей Ергенгүл 

«Текстиль өндірісінің технологиясы»  кафедрасы 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Жалпы техникалық факультетінің негізінде құрылды. Кафедраның құрылуына жеңіл және тоқыма өнеркәсіп саласындағы алдыңғы қатарлы ғалымдар мен мамандар: т.ғ.д., профессор Досхожаев Досмұхамед Тілеуліұлы, профессор Вагнер Ионнарт Альбрехтович, профессорлар Хромцов Сергей Владимирович, Құтжанова Айкен Жұматайқызы, Худова Любовь Николаевна, доценттер Шкунова Любовь Владимировна, Козырев Виктор Александрович, Жақсыбаева Камшат Алпысбайқызы, Зингер Эмма Эдуардовна үлкен үлес қосты. Құрылған сәтінен бастап 2000 жылға дейін кафедраны т.ғ.к., профессор Хромцов Сергей Владимирович басқарды.

  • 2000-2018 оқу жылдарында кафедраны т.ғ.к., профессор Құтжанова Айкен Жұматайқызы басқарды.
  • 2018-2024 жылы «Текстиль өндірісінің технологиясы»  кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Джуринская Индира Михайловна басқарды.
  • 2024 жылы Текстиль өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі болып PhD докторы Такей Ергенгуль Такейқызы тағайындалды.

Кафедра миссиясы - текстиль  материалдарының технологиясы және жобалануы, азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың қауіпсіздігі, сонымен қатар аралас жұмыс саласында жоғарғы білікті, түбегейлі дайындалған, жасампаз ойлайтын, бәсекеге тұрақты және үнемі өзгеріп отыратын талаптарға жақсы бейімділген  мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау.

Кафедра мақсаты - жаңа білімділік және информациялық технологияларды, тәжірибе және ғылыми-интеллектуалды мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жастардың заманауи сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау.

Кафедра міндеті - текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы, текстиль және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының қауіпсіздігі мен сапасын бағалау саласында сұранысқа ие, жоғары білікті, бәсекеге тұрақты, интеллектуалды және инженерлі-техникалық білімі бар мамандар дайындау.

Қызметкерлер

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз