У.У. Тастемирова диссертациясын қорғауы туралы хабарландыру
У.У. Тастемирова диссертациясын қорғауы туралы хабарландыру
«Алматы технологиялық университеті» АҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» дайындау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тастемирова Укилим Убайдуллаевнаның 6D072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша «Құрғақ түйе сүті негізінде жасалған сүтқышқылды өнімнің инновациялық технологиясын жасау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Алматы технологиялық университетінде «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Ғылыми кеңесшілері:
- Мухтарханова Р.Б., техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
- Шингисов А.У., техника ғылымдарының докторы, профессор, «М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті» КЕАҚ «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
- Ципровича И., техника ғылымдарының докторы, профессор, Латвия жаратылыстану ғылымдары және технологиялар университеті, Елгава қ., Латвия.
Ресми рецензенттер:
- Нурмуханбетова Динара Ериковна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Нархоз университеті» Ғылыми-білім беру бөлімі.
- Смольникова Фарида Харисовна – техника ғылымдарының кандидаты, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ «Тамақ технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры,Семей қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1.Диссертациялық Кеңестің шетелдік мүшесі – Милентьева Ирина Сергеевна, техника ғылымдарының докторы, Кемерово мемлекеттік университетінің «Бионанотехнология» кафедрасының меңгерушісі.
- Ахметсадыкова Шынар Нурлановна –PhD доктор, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, бөлім меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
- Серикбаева Асия Демеухановна – биология ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Қорғау 2024 жылғы 12 желтоқсан, сағат 11.00-де «Алматы технологиялық университеті» АҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» дайындау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте, Алматы қаласы, Төле би көшесі 100, конференция залы, 212 кабинетінде өтеді.
Сайт адресі: www.atu.kz, e-mail: r.uazhanova@atu.edu.kz
Қорғау аралас форматта ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 876 243 6555
Кіру коды: Qwerty1234
У. У. Тастемированың диссертациялық жұмысына андатпа
У. У. Тастемированың диссертациясы
И.Ципрович шетел ғылыми кеңесінің пікірі
Р.Б.Мухтарханова отандық ғылыми кеңесінің пікірі
А.У.Шингисов отандық ғылыми кеңесінің пікірі
Этикалық комиссия мәжілісінің хаттамасы
У.У.Тастемированың ғылыми еңбектерінің тізімі