Абильмажинова Назым Кылышбековнаның диссертациясын қорғауы туралы хабарландыру

Абильмажинова Назым Кылышбековнаның диссертациясын қорғауы туралы хабарландыру
«Алматы технологиялық университеті» АҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» дайындау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Абильмажинова Назым Кылышбековнаның 6D072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша «Табиғи антиоксиданттарды қолданып жартылай ет фабрикаттарының технологиясын жасау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Алматы технологиялық университетінде «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Ғылыми кеңесшілері:
- Таева А.М., техника ғылымдарының докторы, профессор, «Алматы технологиялық университеті» АҚ «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
- Стефан Драгоев, техника ғылымдарының докторы, профессор, Тағам технологиясы университеті, Пловдив қ., Болгария.
Ресми рецензенттер:
- Шингисов Азрет Утебаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті» КЕАҚ «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі.
- Нургазезова Алмагуль Нургазезовна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Диссертациялық Кеңестің шетелдік мүшесі – Momchilova Maria Marianovna - PhD, Professor. Agricultural Academy, Institute of Preservation and Quality, Plovdiv, Bulgaria.
- Кененбай Гульмира Серикбайкызы – техника ғылымдарының кандидаты, «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертхана меңгерушісі.
- Нурымхан Гульнур Несиптаевна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Тамақ инженериясы зерттеу мектебінің жетекшісі.
Қорғау 2025 жылы 27 наурыз, сағат 13.00-де «Алматы технологиялық университеті» АҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» дайындау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте, Алматы қаласы, Төле би көшесі 100, конференция залы, 212 кабинетінде өтеді.
Сайт адресі: www.atu.kz, e-mail: r.uazhanova@atu.edu.kz
Қорғау аралас форматта ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 876 243 6555
Кіру коды: Qwerty1234
Н.К. Абильмажинованың диссертациялық жұмысына аңдатпа
Н.К. Абильмажинованың диссертациясы
С.Драгоев шетел ғылыми кеңесшінің пікірі
А.М.Таева отандық ғылыми кеңесшінің пікірі
Этикалық комиссия мәжілісінің хаттамасы
Н.К. Абильмажинованың ғылыми еңбектерінің тізімі