Білім беру бағдарламасының шифры
В068 - Тамақ өнімдерін өндіру
Оқу мерзімі
4 жыл
Оқу құны
850 000 теңге
Бейіндік пәндер
Биология және Химия
Қоғамдық тамақтану саласында сұранысқа ие мамандықты таңдаңыз!
ББ 6В07209 – «ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТАМАҚТАНУ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
Қоғамдық тамақтандыру инженер-технологы - тамақтану индустриясының жоғары білікті маманы. Технолог мейрамхана бизнесі, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздері, аспаздық өнердің заңдары мен ережелері, қызмет көрсету мәдениеті туралы толық біледі. Ол өнімнің сапасына жауап береді, сондықтан бақылау функцияларын да жүзеге асырады. Мұндай жұмыстың ұзақ және қызықты даму тарихы бар.
Студенттің алатын білімі:
- мейрамхана бизнесі туралы,
- дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздері туралы,
- аспаздық өнердің заңдары мен ережелері туралы,
- қызмет көрсету мәдениеті, тамақтану этикасы мен эстетикасы туралы.
Студент үйренеді:
- жаңа азық-түлік өнімдерін әзірлеу,
- тамақ өндірісінің технологияларын жетілдіру,
- өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау.
Студент заманауи зертханаларда және жетекші кәсіпорындарда дағдыларға ие болады.