Басшылық

Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы

Алматы технологиялық университетінің президенті

Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы 1967 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия, органикалық катализ» мамандығы бойынша бітірген. Катализ және техникалық химия кафедрасында зерттеуші-тағылымгер қызметін атқарып, 1969 жылы аспирантураға түскен. 1972 жылы аспирантураны сәтті аяқтап, «химия ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін иеленген. 1972-1980 жж. Қ.С. Құлажанов химиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі, сосын – Қазақ көлік ғылыми-зерттеу және жобалау институтының пайдаланылатын материалдар мен химиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1980-1994 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының (ЖЖТӨТИ АФ) ғылыми-зерттеу секторының бастығы, филиал директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, «Аналитикалық, физикалық және коллоидтік химия» кафедрасының меңгерушісі, нан өнімдері және тоқыма өнімдерінің технологиясы факультеті деканының орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және 1994 жылдан бастап ЖЖТӨТИ филиалының директоры болып жұмыс істеді. 1996 жылы ЖЖТӨТИ Алматы филиалының негізінде құрылған Алматы технологиялық институтына ректоры болып тағайындалды. 1999 жылдан 2014 жылға дейін Алматы технологиялық университетінің ректоры болып қызмет атқарды. 2014 жылдан – Алматы технологиялық университетінің президенті.

Қ.С. Құлажанов – Химия ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Мәскеу тағам өндірісі мемлекеттік академиясының және Андонг Ұлтық университетінің (Оңтүстік Корея) Құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік ғылым академиясының және Халықаралық инженерлік ғылым академиясының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының жоғары мектебінің және Халықаралық ғылым академиясының жоғары мектебінің академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі.

Қ.С. Құлажановтың авторлығымен 495 ғылыми еңбек жарық көрді, олардың қатарында 29 оқулық мен оқу құралы, 5 монография, 54 авторлық куәлік пен патенттің иегері. Оның ғылыми жетекшілігімен 7 ғылым докторы мен 10 ғылым кандидаты даярланды. Қ.С.Құлажановтың аса іргелі еңбектері үш рет қайта басылған екі томдық ЖОО-ларға арналған «Аналитикалық химия» (қазақ тілінде) оқулығы: 1-ші том – «Талдаудың химиялық әдістері» және 2-ші том – «Талдаудың физика-химиялық әдістері», сонымен қатар ЖОО-ларға арналған «Физикалық және коллоидтық химия» оқулығы, ЖОО-ларға арналған қазақ тіліндегі «Биоорганикалық химия» оқулығы мен «Мұнай өңдеу үдерістерін жетілдіру» оқулығы және т.б. бар.

Қ.С. Құлажанов – Ғылым мен жоғары техникалық білімнің белсенді ұйымдастырушысы, оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда жоғары талап қоятын, оқыту үдерісі мен ғылымды ұштастыруға байланысты мәселелерді тұжырымдап, шеше алатын, зерттеулерді халықаралық деңгейдің басым бағыттарына шығаруға шаралар қолданатын іскер тұлға.

Оның басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмыстардың көлемі жылдан жылға ұлғайып, кафедралық зертханалар мен кабинеттерді заманауй құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқу үдерісін жалпыәлемдік кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру, университеттегі оқу және ғылыми үдерісінің әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілу деңгейі өсе түсуде. Қ.С. Құлажановтың басшылығымен университетте күшті материалдық-техникалық база құрылған, академиялық және қолданбалы ғылымның өндіріспен байланысы нығайып келеді, жылдан жылға профессорлар мен оқытушылардың сапалы құрамы артып, ғылыми-білім бері қызметінің кітапханалық-ақпараттық қамтасыз етілуі, ғылыми және оқу зертханалардың заманауй құрал-жабдықтармен жабдықталуы жақсарып келеді. Алматы технологиялық университеті бүгінде тағам, өңдеу өндірісі, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, қонақжайлық және қызмет көрсету индустриясы салалары үшін мамандарды, қызметтің инновациялық саласы үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауда республикадағы мамандандырылған жетекші ЖОО-ға айналды.

Қ.С. Құлажановтың жоғары кәсіби білім мен ЖОО ғылымын дамыту, жоғары білікті кәсіби және ғылыми кадрларды даярлау саласындағы аса зор еңбегі Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және марапаттарымен аталып өтілген, атап айтқанда: «Құрмет» орденімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағымен; «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі» Төсбелгісімен, «Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісімен; «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.

 

Құлажанов Талғат Құралбекұлы

Алматы технологиялық университетінің ректоры

Талғат Құлажанов Құралбекұлы 1984 жылы Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі инсититутына түсіп, 1991 жылы «Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және оның технологиясы» мамандығы бойынша «инженер-технолог» мамандығын алып шықты.

2001 жылы «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ал 2005 жылы «Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары» мамандығы бойынша ғылым докторы ғылыми дәрежесіне бекітілді және «Дәнді, бұршақ дақылдарын, жарма өнімдерін, жеміс-көкөніс өнімдерін және жүзім шаруашылығын өңдеу, сақтау және қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 2006 жылы – доцент, 2007 жылы – профессор дәрежесін алды.

2007 жылы Халықаралық инновациялық технологиялар академиясының академигі болып сайланды (IATE, Германия), Халықаралық Инженерлік академиясының корреспондент – мүшесі (Ресей, 2010 ж.), Халықаралық Инженерлік академиясының академигі (Ресей, 2011 ж.), ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі (2012 ж.), ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (2012 ж.), Халықаралық Вена университетінің құрметті профессоры (2008 ж.), Еуропа Ректорлар клубының мүшесі (2008 ж.).

Марапаттары:

– 2005 ж. – Шаптальдің Алтын медалі (Франция), іскерлік тәжірибедегі Жоғары сапасы үшін халықаралық қордың Алтын медалі (Швейцария).

– 2015 ж. – «Бейбітшілік әлемі» Алтын медалі, Ұлыбритания Оксфорд Академиялық Одағының мүшесі, Кеден одағы елдерінің Құрметті азаматы (Ресей), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» мерейтойлық медальдары,ҚР БҒМ Құрмет грамотасы – 2015 ж, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хаты, Алматы қаласының әкімі А. Есімовтің қолы қойылған Алғыс хат (2015).

– 2016 ж. – «Құрмет» ордені, ҚР Тұңғыш Президентінің Алғыс хаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісін алды.

Ол 183-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 48 монография мен оқулық, 24 патент, 111 ғылыми мақала және конференция материалдары бар.

Т. Қ. Құлажанов PhD және магистрлерді дайындау бойынша АТУ Халықаралық бағдарламалары басшыларының бірі. ТЕМПУС бағдарламасы аясында Манчестер метрополитен университетімен, Гринвич университетінің табиғи ресурстар институты (Ұлыбритания), кәсіптік білім беру Ларенштейн университеті (Нидерланды), Андонг ұлттық университеті және Конкук университеті (Оңтүстік Корея), қашықтықтан оқыту орталығы (Ұлыбритания), Ресей ЖОО-мен – Мәскеу мемлекеттік Тамақ өндірісі университеті, Кемерово тамақ өнеркәсібі технологиялық университеті, Мәскеу мемлекеттік технология және дизайн университетіммен ғылыми зерттеулер жүргізді.

Құлажанов. Т.К жас ғалымдардың ғылыми жұмысына басшылық жасайды, тамақ өнеркәсібі, инвестициялық қызметті басқару саласындағы зерттеу жұмыстарымен айналысады. 20 жылдан астам ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар.

 

Baurzhan Nurakhmetov

Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы

Бірінші проректор

1967 жылы 1 қаңтарда бұрынғы Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Қарлығаш ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Фурманов орта мектебін күміс медалімен бітірген. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітіріп, ҚазКСР Ғылым академиясы Математика және механика институтында жұмыс істеді. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Механизмдер және машиналар теориясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғау арқылы күндізгі аспирантураны бітірді. 1994-2000 жж. – ҚР БҒМ Механика және машинатану институтының ғылыми, аға ғылыми және бас ғылыми қызметкері. 1999 жылы «Механизмдер және машиналар теориясы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. 2000-2002 жж. – Алматы технологиялық университетінің «Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі. 2002-2010 жж. – Қазақ-Британ техникалық университетінің ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. 2010-2011 жж. – Алматы технологиялық университетінің ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бастығы, 2011-2013 жж. – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, 2013 жылдан – бірінші проректоры.

Нұрахметов Б.Қ. 100-ден астам ғылыми еңбектер жариялаған, соның ішінде 6 монография, 2 оқу құралы; 15 авторлық куәліктер мен патенттерге ие. Дарынды жас ғалымдарға берілетін мемлекеттік ғылыми шәкіртақысына үш мәрте ие болған. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2013); Қазақстан Республикасы Бизнес-рейтингісінің «Сіңірген еңбегі мен табыстары үшін» медалімен (2014); ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2011) марапатталған. «Жоғары мектеп менеджменті» курсынан өткені туралы сертификаттың (2011); «Болон үдерісі негізгі өлшемдерінің Қазақстан жоғары оқу орындарына бейімделуі» тақырыбындағы Жазғы мектепті аяқтағаны туралы сертификаттың (2012); «Қазіргі заманғы жоғары оқу орнын басқару стратегиясы» атты семинарда оқудан өткені туралы сертификаттың (2012); KIMEP университетінің халықаралық конференциясына қатысқаны туралы сертификаттың (2012) иегері.

2000-2005 жж. – Қазақстан Республикасының Жас ғалымдары кеңесінің төрағасы. 2000-2003 жж. – ҚР ҰҒА Төралқасының және ҚР БҒМ Алқасының мүшесі. 2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі. Оның ғылыми жетекшілігімен бес кандидаттық диссертациялар қорғалған.

 

Таева Айгуль Маратовна

Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор

 

Картбаев Тимур Саатдинұлы

Академиялық Сұрақтар Жөніндегі Проректор

PhD, компьютерлік ғылымдар және информатика саласындағы профессор (ҚР ҒЖБМ), Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Картбаев Т.С. ақпараттық технологиялар және мемлекеттік басқару бағыттары бойынша жоғары білім алған. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының 050602 – «Информатика» мамандығын үздік дипломмен және 6N0704 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ докторантурасында толық оқу курсын 2 жыл ішінде мерзімінен бұрын аяқтап, 6D070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын сәтті қорғаған.

Кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.

Әртүрлі жылдарда «NAOMIS-SERVICE.kz» ЖШС-де инженер-бағдарламашы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде инженер, ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты директорының орынбасары, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде бағдарламалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі директордың орынбасары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі, Алматы энергетика және байланыс университетінде «IT-инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі, Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының директоры, Ақпараттық технологиялар институтының директоры, Логистика және көлік академиясында бірінші проректор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің цифрлық офицер қызметтерін атқарған.

Ғылыми жобалар мен тақырыптар шеңберінде Португалия, Франция, Польша, Ресей және басқа да елдердің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми тағылымдамалардан өткен. 2025 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарлама орталығының «500 ғалым» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен.

2015–2017 жылдары ҚР БҒМ БҒСБК-нің «Математика және информатика» секциясы бойынша Сараптамалық кеңесінің мүшесі болды. 2018 жылдан бастап ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың іске асырылу барысын мониторингілеу жөніндегі Сараптамалық кеңестің мүшесі болып табылады. Әр жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және Логистика және көлік академиясы жанындағы диссертациялық кеңестердің мүшесі болған.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ

  • 2018–2020 жж. — AP05132723 «Ақпараттандырудың аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздігі саласында адаптивті сараптамалық жүйелерді әзірлеу» жобасының жетекші ғылыми қызметкері.
  • 2018–2020 жж. — AP05131207 «Терең нейрондық желілерді пайдалана отырып, көптілді сөйлеуді автоматты түрде тану технологиясын әзірлеу» жобасының жетекші ғылыми қызметкері.
  • 2013–2015 жж. — №753.МОН.ГФ.13.13 «Медициналық мекеме үшін электрондық ауру тарихтарын онлайн биометриялық дербестендіру жүйесінің іске асыру нұсқаларын зерттеу және жұмыс істейтін зертханалық үлгісін әзірлеу» тақырыбының аға ғылыми қызметкері.
  • 2015 ж. — №1022/ГФ4 «Ақпараттық қауіпсіздікті биометриялық қолдауға арналған стандарттар тобын зерттеу, үйлестіру, модификациялау және есепке қою» тақырыбының аға ғылыми қызметкері.
  • 2011–2013 жж. — «Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыш камераларға арналған энергия үнемдейтін құрылғыларды әзірлеу және сериялық өндірісін ұйымдастыру» тақырыбының орындаушысы.

Картбаев Тимур Саатдинұлы академик У.А. Жолдасбеков атындағы атаулы стипендияның лауреаты, Қазақстан Республикасының «2018 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері, «Құрметті энергетик» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Ресей Федерациясының Жаратылыстану ғылымдары академиясының «Ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткер» атағы және медалімен, информатика саласындағы кәсіби қызметі үшін (Бельгия) сапа диплом және медалімен марапатталған. Сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және жоғары оқу орындарының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Картбаев Т.С. – Қазақстан атынан IBM «Best Student Recognition Event 2012» іс-шарасына (Бельгия) қатысқан алғашқы қазақстандық қатысушы. 2013 жылы IBM сарапшыларының шақыруымен Францияның Монпелье қаласында өткен «Best Student Recognition Event 2013» іс-шарасына қайта қатысып, арнайы жүлделермен марапатталған.

Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі, академигі және Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.

Жалпы жарияланған ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің саны 120-дан астам, соның ішінде 15-тен астамы Scopus, Elsevier және Web of Science библиографиялық деректер базаларына енгізілген, 1 оқулық, 3 оқу құралы және РОӘК ОӘӘ ұсынған 3 монографияның авторы. Сонымен қатар авторлық құқық объектілеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы көптеген куәліктері және ҚР Әділет министрлігі берген пайдалы модельге патенті бар.

Scopus және Web of Science деректер базаларындағы h-index – 5. Ғылыми жетекшілігімен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 1 философия докторын (PhD) және 20-дан астам магистрант диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғаған.

 

Балхыбекова Коркем Сатылхановна

Тәрбие ісі жөніндегі проректор

Білім және ғылыми-педагогикалық қызмет

К. С. Балхыбекованың білім беру және ғылыми зерттеулер саласында 24 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
2016 жылы Еуропалық University Business School (Женева, Швейцария) оқуын аяқтап, Doctor of Business Administration (DBA) дәрежесін алды.
2007 жылдан 2009 жылға дейін Ааэаж-да (ҰАТ) «Экономика» мамандығы бойынша оқыды.
1995-2000 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Нархоз) «Қаржы» мамандығы бойынша «Банк дело» біліктілігімен бітірген.

Ғылыми қызығушылықтар мен зерттеулер

Негізгі ғылыми бағыттарға мыналар жатады:

  • Жобаларды басқару.
  • Зерттеу әдістемесі.
  • Деректерді талдау.
  • Практикалық сараптама мыналармен байланысты:
  • Бюджеттік жоспарлау.
  • Бизнес-процестерді оңтайландыру.

ҚР ҰҚМ-нің тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу жобасының орындаушысы болды:
«ISO 31000 халықаралық стандарты негізінде Қазақстанның банк жүйесінде интеграцияланған тәуекел-менеджменттің құрылымы мен тетігін қалыптастыру» (ғылыми жетекшісі-э. ғ.д., профессор Жақсыбекова Г.Н.).

Ұжымдық монографияның бірлескен авторы, редакторы э.ғ.д., профессор Святова С. А.:

«Қазақстанның банк жүйесі: ел экономикасындағы рөлі және оны дамыту стратегиясы»
(авторлар ұжымы: Жақсыбекова г. Н., Байбулекова л. ж., Лисаком Б. и., Балхыбекова К. С., Омарова А. К.).
 

Білім беру жобалары және әдістемелік жұмыс
Білім беру бағдарламаларын, білім беру жобаларын, курстар мен тренингтерді әзірлеуде үлкен тәжірибесі бар.

Негізгі жетістіктер:

  • «Нархоз университеті» КЕАҚ бакалавриатына түсушілер үшін Foundation бағдарламасын әзірлеу және іске асыру (2017-2019 жж.). 
  • Жаңа модульдік курстар мен бакалавриат пәндерін құру (2003-2019 жж., Нархоз). 
  • Студенттерге арналған нұсқаулық кітабын әзірлеу. 
  • Оқытушылар мен студенттерге арналған жазғы мектеп жобаларын әзірлеу және іске асыру. 
  • Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау.
  • «Педагогикалық шеберлік мектебі» жобасының авторы.
  • «Оқытушының әдістемелік шеберханасы» жобасының авторы және т. б.
  • Guide электронды журналының авторы және редакторы – оқытушы және т. б. 

Біліктілікті арттыру

Бағыттар бойынша кәсіби дайындықтан және тренингтерден өтті:

  • Қаржылық Тәуекелдерді Басқару (Барселона, Испания).
  • Стратегиялық маркетинг (Барселона, Испания).
  • Қолданбалы эконометрика (2016).
  • Жазу және ойлау (2018-2019). 
  • Ғылыми зерттеулердегі сандық әдістер (2023).
  • Білім беру бағдарламаларының әдіскері (Skillbox, 2023).
     

 

Ердінбеков Болат Садықұлы

Әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректор

1969 жылы 15 қаңтарда бұрынғы Талды-Қорған облысы, Андреев ауданы, Байзерек ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Лепсі орта мектебін бітірді. 1993 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін бітірген., бітіргеннен кейін ол 1995-1996 жылдары Андреев ауданында агроном болып жұмыс істеді . 1996-2000 жылдары Алматы технологиялық университетінде диірмен меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2015 жылы Алматы технологиялық университетінде Экономика факультетін бітірген. 2020 жылы осы университеттің магистратурасын бітірді.  2000-2010 жж "Еркін-2" кооперативінің сату жөніндегі коммерциялық директоры.

2010-2011ж.ж. – маман жабдықтаушы, 2011-2012ж.ж. – жабдықтау бөлімінің бастығы, 2012ж. бастап - Алматы технологиялық университетінің әкімшілік шаруашылық мәселесінің проекторы.

Алматы кәсіподағының Құрмет грамотасы 2014ж.

2014 ж. өңірлік экономиканы дамытуға белсенді қатысқаны үшін Алмалы ауданы әкімінің грамотасы.

ҚР Білім және ғылым вице-министрінің "ЭКСПО 2017" көрмесі мен жас белсенділердің III Форумын өткізуге қосқан үлесі үшін Алғыс хаты Алматы қаласы оқу орындарының жас инноваторларының жетістіктері 2015ж.

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз