Оқу процесін ұйымдастыру бөлімі

Қызметінің мақсаты

Білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға және университеттің академиялық қызметін жетілдіруге бағытталған бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін тиімді ұйымдастыруды, жоспарлауды, үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету.

Негізгі функциялары

  • Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.
  • Академиялық күнтізбелерді, оқу процесінің кестелерін және сабақ кестесін әзірлеуді, қалыптастыруды және бекітуді үйлестіру.
  • Білім алушылардың жеке оқу жоспарларын қалыптастыру мен іске асыруды үйлестіру.
  • Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) педагогикалық жүктемесін есептеу мен бөлуді үйлестіру, ПОҚ штат санын қалыптастыру.
  • Еңбекақының сағаттық төлемін есепке алу және ПОҚ-қа ынталандыру төлемдерін үйлестіру.
  • Дуальды оқытуды ұйымдастыру мен іске асыруды, серіктес ұйымдармен өзара іс-қимылды және тиісті шарттарды рәсімдеуді үйлестіру.
  • Білім берудің барлық деңгейлері бойынша оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларының орындалуына мониторинг жүргізу.
  • Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын оқу процесі бөлігінде ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру.
  • Оқу процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
  • Оқу қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша талдамалық, статистикалық және есептік құжаттаманы дайындау.
  • Оқу процесін ұйымдастыру тиімділігін талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Қызметкерлер

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз