VІІІ Республикалық пәндік олимпиадасы «MODERN-TECHNOLOG»

Құрметті 11 (12) сынып түлектері!

Сіздерге Алматы технологиялық университетінің «MODERN-TECHNOLOG» VІІІ Республикалық пәндік олимпиадасына тіркелу басталғанын қуана хабарлаймыз!

АТУ пәндік олимпиадасына келесі комбинациялар бойынша қатыса алсыз:
✅ Математика - Физика
✅ Математика - Информатика
✅ Математика - География
✅ Биология - Химия
✅ Химия - Физика
✅ Биология - География
✅ География - Ағылшын
✅ Сурет - Сызу

АТУ-дың пәндік олимпиадасына қатыса отырып, сіздердің әр пән комбинациясы бойынша 3 жүлделі орын (4 жылдық оқу мерзіміне Ректор гранты) және оқу ақысына көптеген жеңілдіктер алуға мүмкіндіктеріңіз бар!!!

Өту мерзімі: Тіркелу 5.03.2024ж. – 12.04.2024ж. аралығы
І кезең 13.04.2024ж.
ІІ кезең 20.04.2024ж.
Салтанатты марапаттау: 26.04.2024ж.

Пәндік олимпиада туралы ереже - Сілтеме бойынша өту

Олимпиадаға мына сілтеме бойынша тіркеліңіз: Сілтеме бойынша өту
Ал «Дизайн» ББ бойынша: Сілтеме бойынша өту

«Сурет» пәні бойынша пәндік олимпиада екі турда өткізіледі:

  • бірінші (іріктеу) тур электрондық пошта арқылы қашықтықтан;
  • олимпиаданың екінші (финалдық) туры ZOOM арқылы қашықтықтан.

Бірінші тур қашықтықтан өткізіледі, онда оқушылар шығармашылық жұмыстардың портфолиосын көркем образдар жасауда шығармашылық ойлау қабілеті мен дайындық деңгейін анықтау үшін сканерленген түрде ұсынуы тиіс.

Шығармашылық жұмыстары «Сурет» пәні бойынша АТУ пәндік олимпиадасының бағалау критерийлеріне сәйкес іріктеліп, жоғары балл жинаған оқушылар екінші турға өтеді.

Екінші турда оқушылар графикалық бейненің жоғары шеберлігін, бейнелі ойлау қабілетін, перспектива және орналасу заңдарын қолдана білуін көрсетуі тиіс. Төменде көрсетілген тақырыптардан 1 (бір) жұмысты орындау қажет:

  • Геометриялық фигуралардың натюрморты (әр түрлі ракурста);
  • Тұрмыстық заттардан натюрморт;
  • Қыртыс суреті.

Аспаптар, материалдар және орындау техникасын олимпиадаға қатысушы өзі таңдайды. Сурет А3 форматында қолмен жасалады.
Жұмыстарды қабылдау электрондық түрде жүргізіледі. Рұқсат етілген кеңейтімдер: «JPG», «JPED», «PNG», «PDF», салмағы 5 Мб дейін, бірақ кемінде 1 Мб.

Жұмыстарды көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына жіберу қажет: 053_011@mail.ru

«Сурет» пәні бойынша АТУ пәндік олимпиадасының бағалау критерийлері:

  • кескіннің парақтағы дұрыс орналасуы, яғни суреттің формат шекараларына орналасуы тепе-теңдік, композициялық тұтастық болуы керек;
  • композиция орталығының – одан әрі сурет дамитын негізгі элементтің болуы;
  • сәуле мен көлеңкенің үйлесімділік жұмысын ескере отырып, сурет сауатты және толық, графикалық болуы керек;
  • аяқталған сурет (суреттің тұтастығы, суреттің графикалық толықтығы)

«Сызу» пәні бойынша пәндік олимпиада екі турда өткізіледі:

  • бірінші (іріктеу) тур электрондық пошта арқылы қашықтықтан;
  • олимпиаданың екінші (финалдық) туры ZOOM арқылы қашықтықтан.

      Бірінші тур қашықтан өткізіледі, мұнда студенттер дайындық деңгейін және сызбаларды құру қабілетін анықтау үшін сканерленген түрде сызба үлгілерін ұсынуы керек.

Сызу жұмыстары «Сызу» пәні бойынша АТУ пәндік олимпиадасының бағалау критерийлеріне сәйкес іріктеліп, жоғары балл жинаған оқушылар екінші турға өтеді.

Екінші турда оқушылар жақсы салынған сызбаны көрсетуі, кескіндер мен белгілердің ережелері мен шарттылығын берік меңгеруі, перспектива мен орналасу заңдылықтарын қолдана білуі керек. А4 форматындағы сызба түріндегі 1 (бір) жұмысты орындау қажет:

Емтиханда студентке барлық қажетті өлшемдері бар тікбұрышты изометриялық проекцияда жасалған объектінің (деталдың) аксонометриялық проекциясы бойынша масштабта және осы объект туралы жазулармен оның үш проекциясын салу ұсынылады: жоғарғы көрініс , алдыңғы және сол жақ көрініс берілген масштабта.

Құралдар, материалдар: үшкірленген кәдімгі немесе механикалық (0,3 және 0,5 мм) қарындаштар, қатты сызғыштар (металлдардан басқасы), ұштары жіңішке үшкір және жиектері қиық (30, 45, 60 бұрыштары бар) әртүрлі өлшемдегі шаршылар, циркульдер.

Жұмыстарды қабылдау электрондық түрде жүргізіледі. Рұқсат етілген кеңейтімдер: «JPG», «JPED», «PNG», «PDF», салмағы 5 Мб дейін, бірақ кемінде 1 Мб.

Жұмыстарды көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына жіберу қажет: 053_011@mail.ru

«Сызу» пәні бойынша АТУ пәндік олимпиадасының бағалау критерийлері:

  • Үш проекцияның дұрыс орналасуы
  • Объектінің көрінетін және көрінбейтін сызықтарының кескін дәлдігі, толықтығы
  • Парақта сызбаның барлық элементтерінің тепе-теңдік орналасуын көрсету керек.
    • Сызбада сызық түрлерінің қалыңдығының айырмашылығы анық көрінуі керек:
    • Бір типті сызықтардың қалыңдығы барлық үш проекцияда бірдей болуы керек, бұрыштар мен түйісу сызықтардың қиылысуы таза, біркелкі болуы керек.



Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының бірінде гранттар мен жеңілдіктер алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!!!

Толығырақ: +7 707 221 88 08; +7 (727) 221 88 08

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз