Халықаралық «Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы 2026» конференциясы

Халықаралық «Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы 2026» конференциясы. АТУ ғылымды, технологияларды және индустрияны біріктіріп, болашақ салалардың дамуын айқындайтын шешімдерді талқылауға мүмкіндік береді.

Алматы технологиялық университеті ғалымдарды, жас зерттеушілерді, бизнес өкілдерін және салалық қауымдастық мүшелерін «Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Күні: 2026 жылғы 22 қазан
Өткізілетін орны: Алматы қ., Төле би көшесі, 100, Бас оқу ғимараты
Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 21 қыркүйекке дейін
www.conference-atu.kz
conference@atu.edu.kz

Конференцияның басты назарында - заманауи ғылыми зерттеулер, инновациялық технологиялар және экономиканың негізгі салаларын дамытуға арналған практикалық шешімдер.

Негізгі бағыттар:
✅ азық-түлік технологиялары, биотехнология және азық-түлік қауіпсіздігі;
✅ жаңа материалдар және ресурсты үнемдейтін технологиялар;
✅ өндірістерді автоматтандыру және цифрландыру;
✅ ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект;
✅ экономика, туризм және қонақжайлылық индустриясы;
✅ білім берудің цифрлық трансформациясы.

Қатысу форматтары:
✅ баяндама жасаумен офлайн қатысу
✅ шетелдік қатысушылар үшін онлайн баяндама жасау
✅ баяндама жасамай ғылыми мақаланы жариялау

Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын тілдері
Конференция қорытындысы бойынша ISBN-і бар ғылыми мақалалар жинағы жарық көреді.