HUAWEI ICT COMPETITION 2026–2027 ҰЛТТЫҚ ФИНАЛЫ
20 қараша күні Астана және Алматы қалаларында Huawei ICT Competition 2026–2027 халықаралық байқауының ұлттық финалы өтті.
Байқауға Алматы технологиялық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің «Ақпараттық жүйелер» және «Жасанды интеллект технологиялары» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Студенттер Computing, Cloud және Network бағыттары бойынша өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын сынады.
Студенттердің инструкторлары – «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының сеньор-лекторлары Мукапил К. және Адильбекова А.Ж.
Huawei ICT Competition – болашақ IT мамандары үшін халықаралық тәжірибе жинақтауға, кәсіби дамуға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды алаң!
Студенттерімізге алдағы кезеңдерде сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!
