ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР – ҒЫЛЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ!

АТУ-дың «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Кәдірбек Гүлдана «Antimicrobial Stewardship to Combat Antimicrobial Resistance: A One Health Perspective» халықаралық конференциясына қатысып, өсімдік экстракттарының тағам қауіпсіздігі мен микробқа қарсы тұрақтылықтың алдын алудағы әлеуеті туралы ғылыми баяндама жасады.

Гүлдана – өткен жылғы «Үздік студент АТУ» байқауының жеңімпазы, Endowment ATU корпоративтік қорының стипендиаты. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген Гүлдана ғылымға қызығушылық танытып, ғылыми-зерттеу бағытында белсенді дамып келеді.

Гүлданаға жаңа ғылыми белестер, тың жаңалықтар мен үлкен жетістіктер тілейміз!