Білім мен өндіріс: сапалы білімге бірлескен қадам білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел
2026 жылғы 25 қарашада Алматы технологиялық университетінің «Нан өнімдері және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасында 2027–2028 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогын жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел аясында келесі білім беру бағдарламалары талқыланды:
- 6В07202 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тамақ саласы бойынша)» — бакалавриат;
- 7М07202 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тамақ саласы бойынша)» — магистратура;
- 8D07202 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (тамақ саласы бойынша)» — докторантура.
Іс-шараға өндіріс және ғылым саласының өкілдері, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Өндіріс және ғылым саласынан Н.М. Калиева — «Фудтехника» ЖШС технолог-консультанты, Б.М. Лазчиев — «Шеф Казан» ЖШС және «Тулетаев» ЖК технологы, Р.Т. Асимов — «Kolos» ЖК менеджері, М.А. Саматов — «Саматов М.А.» ЖК басшысы, А.А. Есенжолова — «РузиНАН» ЖШС технологы, К.А. Елеукенова — «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментінің директоры қатысты.
Онлайн форматта Н. Калыбекова — «Дам дала» ЖШС сапа бөлімінің басшысы, М. Бектурсунова — Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты Алматы филиалының ғалым хатшысы, З.А. Анарбекова — «Бахус» АҚ шарап және шампан өндірісінің шебері, Сонымен қатар, дөңгелек үстелге кафедрамызбен ғылыми және академиялық бағытта ынтымақтастық орнатқан шетелдік серіктес — М.М. Адышев атындағы Ош технологиялық университетінің «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ирматова Ж.К. қатысты.
Кездесу барысында 2027–2028 оқу жылына арналған элективті пәндер каталогының мазмұны мен білім беру бағдарламаларын өзектендіру жөніндегі ұсыныстар қарастырылды. Сондай-ақ даярлау бағытын дербес білім беру бағдарламасы ретінде бөліп шығару, қолданыстағы білім беру бағдарламасын кеңейту және 6В07202 білім беру бағдарламасы аясында микробіліктілікті енгізу мәселелері талқыланды.
Жұмыс берушілер, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы білім беру бағдарламаларының мазмұнын өндірістің заманауи талаптарына сәйкестендіру, практикалық даярлықты күшейту және кәсіби құзыреттерді дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді.
Дөңгелек үстел білім беру, ғылым және өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ еңбек нарығының талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталды.
Кафедра іс-шараға қатысып, кәсіби пікірлері мен құнды ұсыныстарын білдірген барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.


