АТУ-дың үш командасы «AI in Engineering Hackathon 2026» республикалық хакатонында марапатқа ие болды
2026 жылғы 21 қарашада Алматы технологиялық университетінің «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасы атынан қатысқан үш студенттік команда «AI in Engineering Hackathon 2026» республикалық хакатонында марапатқа ие болды. Жетекшісі Автоматтандыру және робототехника кафедрасының сеньор-лекторы Жұмахан Нұржан Бейбітұлы.
«NURZHAN’S CHILDREN» командасы ProNovation Solutions компаниясы ұсынған арнайы тапсырма бойынша жеңімпаз атанды. Команда құрамына «Өнеркәсіптік робототехника» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Манапбай Махамбет Болатұлы, Мадин Бақдәулет Мұратұлы және Амангелдиев Асылбек Қанатұлы кірді. Жеңімпаздар компанияда бір айлық ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
«3 ARYS» командасының құрамында «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының студенттері Мажит Мирас Талғатұлы, Байдулла Муфтибек және Қуанышбек Шапағат қатысты. AI Startify Incubator командаға құны 100 АҚШ долларына тең AI Startify Credits сертификатын табыстады.
«THE BOYZ» командасын «Роботтар және робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері Садуахас Жандос Алтынбекұлы, Қалкөз Ернат Маратұлы және Нурдаулет Шыңғыс Бердыұлы таныстырды. Команда Trade IT компаниясының арнайы сыйлығын иеленді. Сонымен қатар AI Startify Incubator команданың әр мүшесіне құны 100 АҚШ долларына тең AI Startify Credits сертификатын табыстады.
Алматы технологиялық университеті студенттерді марапаттарымен құттықтап, алдағы инженерлік жобаларына сәттілік тілейді!


