Халықаралық ынтымақтастық

Кафедраның халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттары:

  • Студенттерге, магистранттарға және докторанттарға, оның ішінде ҚР БҒМ «Шақырылған профессор» бағдарламасы бойынша дәріс оқу үшін шетелдік ғалымдарды шақыру.
  • Студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы және магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамасы.
  • Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының серіктес ЖОО-да дәріс оқуға қатысуы
  • Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының халықаралық конференцияларға, көрмелерге және т. б. қатысуы.
  • Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының шетелдік әріптестерімен бірлескен жарияланымдары мен ғылыми зерттеулері.
  • Біріктірілген білім беру бағдарламаларын, бірлескен білім беру бағдарламаларын, қос диплом бағдарламаларын жасау.

Академиялық ұтқырлық келесі механизмдерді іске асыру арқылы жүзеге асырылады:

  • студенттердің семестрлік алмасу шеңберінде білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық дайындыққа шетелге шығуы;
  •  ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін басқа ЖОО оқытушылары мен студенттерін шақыра отырып жазғы семестр ұйымдастыру;
  • академиялық алмасуды кеңейту мақсатында ПОҚ үшін ҚР басқа жоғары оқу орындарына және шетелге тағылымдамалар ұйымдастыру;
  • «Тағамдық технологиялар бойынша жоғары білікті кадрлар даярлау» бағыты бойынша Қазақстандағы «Орталық Азиядағы кәсіптік білім беру» Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) бағдарламасына қатысу.

Кафедра қос диплом бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады:

  • В.Г.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, (РФ, Мәскеу қ.)
  • И.Раззаков атындағы Қырғыз техникалық университеті. (Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы)
  • Тағамдық технологиялар университеті (Болгария, Пловдив қ.)

Білім беру және ғылыми қызметтегі серіктестер алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ болып табылады:

  • Азық-түлік технологиялар университеті (Болгария, Пловдив);
  • Сантьяго де Компостела университеті (Испания, Сантьяго де Компостела);
  • Корвинус университеті (Венгрия, Будапешт);
  • Мендель университеті (Чехия, Брно);
  • Прага химиялық технология университеті (Чехия, Прага);• Вроцлав жаратылыстану және өмір туралы ғылымдар университеті (Польша);
  • В.Г. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті;
  • В.М. Горбатова атындағы азық-түлік жүйелерінің федералдық ғылыми орталығы, (РФ, Мәскеу қаласы);
  •  Бүкілресейлік сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты, (РФ, Мәскеу қаласы);
  • Мәскеу мемлекеттік қолданбалы биотехнология университеті, (РФ, Мәскеу қаласы);
  • Кемерово мемлекеттік университеті (РФ,  Кемерово қ);
  • Сібір ірімшік жасау ғылыми-зерттеу институты, (РФ,  Барнаул қ);
  • И.Раззаков атындағы Қырғыз техникалық  университеті (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ);
  • Таджикистан технологиялық университеті (Таджикистан,  Душанбе қ.);
  • Бұхара инженерлік-технологиялық институты (Узбекистан, Бухара қ);
  • Университет Путра Малайзия (Малайзия, Куала-Лумпур қ.)
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде

Галерея

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз