Кафедра жайында

Кафедра Болон процесінің принциптері және EUR-ACE (European Accredited Engineer-еуропалық аккредиттелген инженер) жобасы шеңберінде инженерлік бағдарламаларды аккредиттеу стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына сәйкес «Бакалавриат – Магистратура – Докторантура» 3 деңгейлі жүйесі бойынша кадрлар дайындайды.

Бакалавриат 6В07201 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» ББ
6В07201 ББ оқыту траекториясы:   «Қоғамдық тамақтандыру және арнайы тағайындалған өнімдердің технологиясы» «Ет және балық өнімдерінің технологиясы» «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы» «Консерві және тағамдық концентраттар технологиясы»
Магистратура   7В07201 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» ББ
Докторантура   ОП 8D07201 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» ББ
Бакалавриат   ОП 6В08201 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы».
Бакалавриат   ОП 6В07207 «Тамақ өндірісі техникасы мен технологиясы»

2012 жылы бакалавриаттың «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден өтті, 2017 жылы «Еуро-инженер» (EUR-ACE®) белгісін тапсыру құқығымен ASIIN агенттігінде (Германия) қайта аккредиттеуден өтті.

2017 жылы «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары ASIIN агенттігінде (Германия) халықаралық аккредиттеуден өтті.

Ұлттық агенттіктердің рейтингтерінде («Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік» және «Аккредиттеу және рейтингтің ұлттық агенттігі») бакалавриат, магистратура және докторантураның «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламалары жыл сайын бірінші орындарды алып келеді.

Рейтинг нәтижелері бойынша АТУ кафедралары арасында «Тамақтану технологиясы» кафедрасы жетекші орын алады.

Кафедра ғалымдары тамақ технологиясы бойынша мамандарды даярлауды ғылыми зерттеулер жүргізумен және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаумен сәтті үйлестіреді. 

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз