Профессор-оқытушылар құрамы

«Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы білім беру үдерісі мен ғылымға қосқан үлесі бойынша университетте жетекшілердің бірі болып табылады.

Кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуетін қазіргі уақытта: 4 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 7 PhD докторы, 10 техникалық және жаратылыстану ғылымдарының магистрлері құрайды. Өз біліктілігі бойынша кафедра бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға тартылған барлық оқытушылар, дайындық бейініне сәйкес келеді және ғылыми-педагогикалық біліктіліктің жоғары деңгейіне ие. Кафедраның штаттық ПОҚ саны 33 адам, кафедраның ғылыми дәрежелілігі -70 %-дан асады.

 Білім алушылардың негізгі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында коммуникабельділік, көшбасшылық, жауапкершілік, командада жұмыс істей білу, ақпаратты талдау, әртүрлі өндірістік жағдайларда шешімдер қабылдау сияқты университеттің оқу процесіне жүйелі негізде оқытудың белсенді түрлері енгізіледі. Сабақтарды өткізудің дәстүрлі әдістерімен қатар қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге негізделген инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолданылады. Кафедраның ПОҚ ЖАОК (жалпы ашық онлайн курстар) және СБР (сандық білім беру ресурстарын) жасауға белсене қатысады.

          Кафедраның ПОҚ ҚР БҒМ және университеттің ОӘБ ұсынған оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуге белсенді қатысады. Соңғы он жылда ҚР БҒМ және ОӘБ грифімен 100-ден астам оқулықтар мен оқу құралдары шығарылды.

  • Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия: оқулық. Том I, II. - Алматы: ТОО «ADAL KITAP». – 2023.
  • Ерғожин Е.Е., Құрманәлиев М.Қ. Жоғары молекулалық қосылыстар: оқулық. - Алматы.:Альманахъ, 2023.
  • Құлажанов Қ.С., Таусарова Б.Р., Сүлейменова М.Ш., Абилкасова С.О. Физикалық және коллоидтық химия. Том I, II. - Алматы: ТОО «ADAL KITAP». – 2023.
  • Құлажанов Қ.С., Ягудеев Т.А. Негізгі органикалық талдау: оқулық. - Алматы: АТУ, 2017.
  • Құлажанов Қ.С., Сүлейменова М.Ш. Бейорганикалық химияның негіздері: оқулық. - Алматы: Экономика, 2015.
  • Дарибаев Ж.Е., Сулейменова М.Ш., Құтжанова А.Н. Өндірістік экология: оқу құралы. - Алматы: АТУ, 2019.
  • Зайнуллина А.Ш., Ягудеев Т.А. Физико-химические методы анализа нефти и нефиепродуктов: учебное пособие. - Алматы: АТУ, 2020.
  • Султангазиева Г.С. Топырақтану негіздері: оқу құралы. - Алматы: АТУ, 2019.
  • Dzhakupova I.B., Bozhbanov A.Zh. Ecology and Sustainable Development: manual. - Аlmaty: Tech Smith, 202
  • Akhmetova S.O., Abilkasova S.O. Physical and Colloidal chemistry laboratory Manual. - Almaty: ATU, 2019.

           Кафедраның алдыңғы қатарлы оқытушылары жұмыс берушілермен біріге отырып білім бері бағдарламасын, оның модульдігін жетілдіруге, оқытудың мақсаты мен нәтижелерін қалыптастыруда белсене атсалысады, білім беру платформасында жүктеледі (atu.hero.study).

«Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі өте жоғары, жыл сайын жарияланымдардың саны 130-дан астам, яғни бір оқытушыға 3-тен астам.  Кафедраның 15 ПОҚ индекс Хиршасы бар. Кафедраның ПОҚ 80 % жоғары рейтингісі бар журналдарға жұмыстарын жариялаған. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері элективті пәндерді әзірлеу арқылы оқу процесіне енгізіледі. Алдыңғы қатарлы профессорлардың жетекшілігімен ҚР ҒжЖБМ қаржыландыратын және өздері ұсынған ҒЗЖ орындалып келеді.

           АТУ, профессорлық-оқытушылар құрамына бекітілген жоспарға сәйкес, білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру мақсатында үнемі семинарлар мен тренингтер өткізеді, ақпарат atu.hero.study платформасында орналастырылған. Университетте оқытушылардың біліктілігін арттыруды үйлестіретін БАжКҚВИ бар, жыл сайын кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу курстары мен семинарлардан өтіп, растайтын сертификаттар алады.

Университетте профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің академиялық адалдығы мен академиялық еркіндігін сақтау үшін барлық қажетті шаралар сақталады.   АТУ-да тәртіптілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия және тәрбие жөніндегі кеңес, сонымен қатар құрамына институт және департамент басшылары, заң мамандары, тәжірибелі оқытушылар, университет қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіретін университет ішілік бақылау комиссиясы құрылған. «АТУ оқытушысы мен қызметкерінің академиялық адалдығы мен корпоративті мәдениетінің кодексін» сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Барлық оқу корпустарында және жатақханаларда сенім телефондары ілінген және ұсыныстар жәшігі қойылған,  университте ректор блогы ашылған. http://blog.atu.kz/

Жоғары педагогикалық шеберлілігі, ғылыми нәтижелеріне және іске адал болғаны үшін көптеген оқытушыларға АТУ басшылығының және басқа да қоғамдық ұйымдардың («Нұр Отан», «Парасат», «Алматы қаласы әкімдігі» т.б.) құрмет грамоталары мен дипломдары берілді. 

«Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы өз қызметкерлерін мақтан тұтады: Құлажанов К.С., Таусарова Б.Р., Құрманалиев М.К., Алмабеков О.А., Омарқұлов Т.О., Шарифканова Г.Н., Ибрашева Р.К., Даутбаева Г.А., Дарибаев Ж.Е., Ягудеев Т.А., Сүлейменова М.Ш., Қозыбаев А.К., Зайнуллина А.Ш., Абдыкаримова А.П., Ахметова С.О., Алмагамбетова С.Т. Білім беру жүйесінде көп жылдық еңбегі мен ғылымдағы жетістіктері үшін кафедра оқытушылары «ҚР БжҒМ-нің еңбек сіңірген қызметкері», «ҚР БжҒМ-нің ғылым және білім саласының құрметті қызметкері» төс белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен,  ҚР БжҒМ-нің «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚР ЖОО Қауымдастығының медалімен, «Жылдың ең үздік оқытушысы» (ҚР БжҒМ-нің гранты) атағымен марапатталған.

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде

Галерея

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз