Білім беру бағдарламалары

6В07202 – «Қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалаврларын, техника ғылымдарының магистрлерін, техника және технология магистрлерін, философия докторларын (PhD) даярлау құқығы мемлекеттік лицензиялармен қамтамасыз етіледі.

ББ профилі Жоғары инженерлік білім
Дайындық бағытының коды мен атауы  6В072 Өңдеу және өңдеуші салалар
Білім беру бағдарламасы тобының номері мен атауы В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі
Білім беру бағдарламасының (БББ) коды мен атауы 6В07202 Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы

6B07202 «Қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы» БББ мақсаты: астық өңдеу, нан пісіру, макарон өнімдері, кондитерлік, ашыту және шарап өндіру кәсіпорындары үшін олардың әлеуметтік ұтқырлығы мен еңбек нарығындағы тұрақтылығына ықпал ететін әмбебап және кәсіби құзыреттілігі бар жоғары білікті кадрларды даярлау.

6В07202 «Қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы» БББ мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі құзыреттері

  • Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімін көрсетеді, дүниетанымы кең және ойлау мәдениеті мен академиялық адалдықты тұлғаны қалыптастырады.
  • Кәсіби қызмет саласында заманауи технологияларды, ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдаланады
  • Тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін қазақ, орыс, шет тілдерінде сөйлесе алады
  • Экономика, кәсіпкерлік, құқық негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу ерекшеліктері туралы білімін кәсіби қызметте қолданады.
  • Математикадан алған білімдерін, физика және механика заңдарын өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде кәсіптік есептерді шешуде қолданады.
  • Ғылыми қызметтегі кәсіптік мәселелерді шешуде және өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін өндіруде жаратылыстану ғылымдарының негізгі заңдылықтарын пайдаланады.
  • Ғылыми зерттеу әдістері, академиялық жазу жанрлары және ғылыми этика принциптері туралы білімін кәсіби қызмет саласында қолданады
  • Қайта өңдеу өнеркәсібінің заманауи кәсіпорындары жағдайында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етеді
  • Қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарында (астық өңдеу, нан пісіру, макарон, кондитерлік, ашыту және шарап жасау) жоғары сапалы өнім өндіру бойынша технологиялық процесті ұйымдастырады.
  • Нормативтік құжаттарға сәйкес тамақ және қайта өңдеу өнімдері мен қызметтерінің сапасын бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастырады
  • Өңдеу өнеркәсібінде әртүрлі технологиялық жабдықтарды қауіпсіздік талаптарына сәйкес тиімді басқарады
  • Қайта өңдеу өндірістерін жобалауға, қайта құруға және жабдықтауға қатысады
  • Өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін өндіру тиімділігін арттыру және практикалық мәселелерді шешу үшін ғылыми білімдерін пайдаланады
  • Қайта өңдеу өнеркәсібінде бизнесті ұйымдастыруда экономика және кәсіпкерлік білімін қолданады
  • Технологиялық саладағы практикалық мәселелерді шешу үшін аналитикалық және зерттеу дағдыларын қолданады

7M07202 «Қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы» ББ мақсаты - ғылыми-зерттеу, оқытушылық дағдылары бар, заманауи ғылыми-тәжірибелік мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, жоғары оқу орындарында сабақ бере алатын, өңдеу өнеркәсібінің әртүрлі кәсіпорындары мен ұйымдарында басқару қызметін табысты жүзеге асыра алатын жоғары білікті магистрлерді дайындау

Қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы ББ бойынша магистрдің негізгі құзіреттері:

  • Ғылыми дүниетаным жүйесі, ғылым тарихы мен философиясы туралы дамып келе жатқан білімдерін көрсетеді
  • Шет тілдерінің бірінде жазбаша және ауызша кәсіби қарым-қатынас жасай алады
  • Басқару мәселелерін шешуде және кәсіби және тұлғалық дамуды жоспарлауда психологиядан алған білімдерін қолданады
  • Жоғары оқу орны педагогикасының, кәсіптік білім берудің әдістемелік негіздері туралы білімін оқу іс-әрекетінде қолданады
  • Тағам саласындағы ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешу үшін өз бетінше теориялық және эксперименттік зерттеулерді, олардың нәтижелерін талдауды жүргізеді.
  • Қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін бағалау негізінде өндірістік процестерді басқарады
  • Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің өндірістік бақылауын және сапаны қамтамасыз ету жүйесін пайдалану негізінде сапаны басқаруды ұйымдастырады
  • Эксперименттік зерттеулердің әдістемесі мен әдістері туралы білімін ғылыми қызметте және өңдеуші өнеркәсіптердің жоғары сапалы өнімдерін жасауда қолданады.
  • Ғылыми білімдерге, озық тәжірибелерге және өңдеу өнеркәсібін дамыту перспективаларына негізделген қайта өңдеу салаларының өнімдерін өндірудің инновациялық технологияларын әзірлейді.
  • Ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, мәселелер мен шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де анық жеткізеді.

8D07202 - «Қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы» ББ мақсаты: қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерге қатысуға және университетте оқу процесін ұйымдастыруға қабілетті жоғары білікті ғылыми, ғылыми-педагогикалық және жетекші кадрларды даярлау

«Қайта өңдеу өңдірістерінің технологиясы» ББ бойынша философия докторының (PhD) негізгі құзыреттері

  • Ғылыми және кәсіптік коммуникациялар білімін өзінің практикалық жұмысында өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы нақты зерттеулер, ақпарат іздеу, әдістемелік міндеттерді шешу үшін қолданады
  • Айналадағы дүние, өмір құндылықтары, мәдениет туралы ғылыми білімнің тұтас жүйесін көрсетеді
  • Шет тілдерінің бірінде жазбаша және ауызша кәсіби қарым-қатынас жасай алады
  • Инновациялық білім беру саясатының міндеттерін жүзеге асыруда кәсіби білім мен дағдыларды қолданады
  • Күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін терең арнайы кәсіби теориялық білімді қолданады
  • Өңдеу өнеркәсібінің жаңа функционалды өнімдерін жасау үшін гендік инженерия мен биотехнологияның жетістіктерін ғылыми зерттеулерде пайдаланады
  • Ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін зерттеу деректерін түсіндіреді
  • Өнімнің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін дәлелді инновациялық шешімдерді ұсынады
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз