Жетістіктер

«Әлеуметтік және гуманитарлық пәндер» кафедрасына «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «2019 жылғы Үздік бірлескен іс-шара үшін» номинациясымен, кітапханалық ақпараттық ресурстарды оқу үрдісінде белсенді қолданғаны үшін «Жеңімпазға сертификат» берілді.

Кафедра оқытушылары МООК бойынша үлкен жұмыс атқарды және жоғары оқу орнының басшылығы тарапынан «АТУ – 2018 жылдың «Үздік электрондық курсы» деп танылды.

Кафедра оқытушылары республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне сабақтар мен бейнедәрістер байқауына қатысқаны үшін сертификаттар алды.

Кафедра оқытушылары ҚР Білім министрінің грамоталарымен марапатталды.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ахатаева К.Б. VI Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқаудың жеңімпазы ретінде Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының шешімімен 12.04.2018 жылы «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

            «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мейрамында ұлттық киімді насихаттағаны үшін Тукенова Капиза Тукеновна Дипломмен марапатталды. Алматы технологиялық университеті ректоры Кулажанов Т.К. Алматы қаласы 30 наурыз 2018жыл.

Республикалық байқауда 3 курс студенті 3-ші орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі., «ӘГП» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ. кандидаты Закирьянов А. К.

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін БИЖАНОВА МЕРУЕРТ АЛТЫНБЕКОВНАҒА жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» атағы берілді.ҚР ЖОО Қауымдастығының Президенті Р.А. Алшанов.Рег:№03/22 26.09.2022ж.

Алматы технологиялық университетінің студенті Усманова Дильназ «Ғылым. Білім. Жастар! атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының секциялық отырысында «Көпұлтты Қазақстанның қалыптасу тарихынан» тақырыбындағы баяндамасымен  ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: ӘГП кафедрасының қауымдастырылған профессоры Давлетова Гүлмира Амангелдіқызы. 21 сәуір, 2022 жыл

Алматы технологиялық университетінде Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шарада Алматы технологиялық университетінің үздік ғалымдары мен профессорлары  мен оқытушылары, Республикамыздың жоғары білімі мен ғылыми қызметін дамытуға қосқан зор үлесі үшін, А.Байтұрсынов атындағы медальдармен және ректор Т.Қ.Құлажановтың «Құрмет грамоталарымен» марапатталды. Олардың ішінде «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Давлетова Гүлмира Амангелдіқызы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Давлетова Гүлмира Амангелдіқызы 2023 жылы «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғылыми және оқу орындары арасында қатысып, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. «ҮЗДІК ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТКЕРІ-2023» дипломы мен және  төсбелгісімен марапатталды.

5-10 қаңтар аралығында АТУ-да университет басшылығының барлық факультеттердің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулері өтті. Кездесуде университетіміздің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына белсене атсалысатын АТУ қызметкерлеріне салтанатты түрде дипломдар табыс етілді.

 Соның ішінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының сениор-лекторы, PhD Маликов Бахытжан Үсенұлын өңірлердегі кәсіби жұмысқа белсенді қатысқаны үшін Дипломмен және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедра меңгерушісін, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ.Т.Тукенованы әлеуметтік желілерде ATУ брендін белсенді жылжытқаны үшін университет ректоры Дипломмен марапаттады.

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде

Галерея

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз