«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Тукенова Капиза Тукеновна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Доцент

Жұм.тел.:    
8 (727) 276-97-06 (вн. 108)

Эл.адрес:
hafizа_1965@mail.ru

Көп жылдық тарихы бар кафедраны әр жылдары көрнекті педагогтар мен ғалымдар басқарды: доцент Омаров С.О., доцент Умирзакова Л.А., ф.ғ.д., профессор Сагадиев Н.Д., қазіргі уақытта кафедраны п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Түкенова Қапиза Түкеновна басқарады

Кафедра барлық мамандықтардың студенттері мен магистранттарына әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытады. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазіргі уақытта кафедрада 18 оқытушы жұмыс істейді.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы жоғары білікті мамандарды даярлайды.

Негізгі оқыту курстары

Бакалавриат:

– Қазақстанның қазіргі заман тарихы
– Философия
– Әлеуметтану және саясаттану
– Психология және мәдениеттану
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
– Экономикалық, құқықтық және экологиялық білім модулі(экономика, кәсіпкерлік және құқық негіздері, экология және тіршілік қауіпсіздігі)

Магистратура:

– Ғылымның тарихы мен философиясы
– Басқару психологиясы
– Жоғарғы мектеп педагогикасы

Кафедраның миссиясы – гуманистік дүниетанымы, жоғары саяси санасы мен мәдениеті бар әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру, патриоттық сезімді тәрбиелеу, студенттерде сыни ойлау элементтерін, жеке және кәсіби мәдениетін дамыту.

Кафедраның мақсаттары:

Қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалана отырып,  біліктілікті үнемі жетілдіру және шығармашылық бастаманы дамыту арқылы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Қазіргі Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру, білім алушылардың санасына тарихтың түбегейлі мәселелерінің мәнін жеткізу, тарихи танымның ғылыми әдістерін үйрету, олардың ғылыми дүниетанымы мен азаматтық позициясын қалыптастыру.

Білім алушыларды мемлекет пен қоғамдағы философиялық, саяси, әлеуметтік және мәдени құбылыстар мен процестерді талдауға үйрету. Студенттердің кәсіби салада алған білімдерін дұрыс және сауатты қолдануына ықпал ету.

Кафедраның міндеттері:

– гуманитарлық және әлеуметтік пәндерді оқытудың мазмұны мен әдістерін дамыту;
– инновациялық білім беру бағдарламаларын дайындау және енгізу;
– педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін максималды пайдалану;
– кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үрдісінде кафедраның мүмкіндіктерін пайдалану.

Кафедраның қызметтері:

Оқыту формалары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу;

Кафедраның оқу, әдістемелік, ғылыми жұмысының жоспарланған және өзекті мәселелерін талқылауға арналған кафедра отырыстарын өткізу.

Қызметкерлер

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз