«Автоматтандыру жане робототехника» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Тоғжанова Күлжан Өндірісқызы

Жұмыс тел.:
8 (727) 393-71-33 (ішкі. 155)

E-mail:
togzhanova_kuljan@mail.ru

Автоматтандыру және робототехника кафедрасы 1957 жылы құрылды. Әр кезеңдерде кафедраны профессорлар Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы, Түсіпов Амангелді Түсіпұлы, Абдрахимов Орал Тұтқабайұлы, доценттер Ямщиков Игорь Николаевич, Цунваза Хаким Юсупович, Костюченко Владимир Михайлович, Карымсавали Ерханұлы Ерханов, Қарымсавали Мамырұлы Нурахметов басқарды. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына Аймурзаев Амангелді Түктібайұлы, Абдураимов Ералы Ертайұлы, Сайденова Фируза Абдуллақызы үлкен үлес қосты.

2018-2021 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к., доцент Сейтқұлов Абдумалик Рахымұлы атқарды, cонымен қатар кафедра «Автоматтандыру және робототехника» деген жаңа атау алды.

2022 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін аға оқытушы, PhD Тоғжанова К.Ө..

Кафедраның жұмысы жалпы техникалық пәндер бойынша кәсіптік білім, іскерлігі мен дағдысы бар бакалаврларды инженерлік-технологиялық мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білімнің міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес теориялық және практикалық дайындауға бағытталған.

36 қызметкерден тұрады. Штаттық 25 қызметкер, 4 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, 14 магистр дәрежесі бар оқытушы. Толық емес жұмыс күні 10 қызметкер, 2 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 3 магистр дәрежесі бар оқытушы. Шетелдік доцент т.ғ. к. - 2, профессор – 1 қызметкер.

Қызметкерлер

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз