Халықаралық ынтымақтастық

Қазіргі уақытта кафедра ұжымы Орта Азия Ассоциациясының Іскерлік қарым-қатынас және Санкт-Петербург қаласындағы И.А.Герцен атындағы педагогикалық университет, Литваның Каунас қаласындағы Техникалық жоғары оқу орнымен және Германияның алдыңғы қатарлы университеттерімен, ДААД, Гете-Институт, Британдық Кеңес сияқты халықаралық ұйымдармен шетел тілдерін үйрету саласында тәжірибе алмасу және ғылыми-практикалық, ғылыми әдістемелік конференцияларға қатысу жөнінде тығыз байланыс орнатылуда. Кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы университеттің дүние жүзінің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық қатынастарды дамыту және әлемдік білім, ғылыми-техникалық, ақпараттық кеңістігіне кіруіне үлес қосуда. 2014-2015 оқу жылының қыркүйегінен бастап кафедрада «Дизайн, тоқыма және киім технологиялары», «Азық-түлік технологиялары» факультеттерінің студенттеріне DAAD-Германия (Германдық академиялық алмасу қызметі) лекторлары Яна Бом және Паулина Цитцер (2014-2016), Флориан Так (2016-2019), Торстен Кеслер (2019-2021), Кэтрин Компе (2021-2023) кәсіби-бағдарланған шетел тілінен практикалық сабақтар жүргізуде.

Кафедраның жас оқытушылары Қойлыбаева Р.К., Джакипова Лариса халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт халықаралық қатынастар мектебінде және Финляндияда үш айлық ғылыми-әдістемелік тағылымдамадан өтті. Кафедра доценттері Аухадиева З.Ж., Егембердиева Г.М. «Кәсіби бағытталған неміс тілі. Шетел тілін оқытудың әдістемесі/дидактикасы» атты Германияда және Италияда өткен халықаралық конгреске қатысты.

Бүгінгі күні «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы жұмысының негізгі бағыттары ретінде тілдерді үйретудегі оқу үрдісіне жаңа инновациялық әдістемелерді енгізу, оқу-әдістемелік құралдар жасау, кәсіби мақсатқа негізделген сөздіктер құрастыру және АТУ мамандықтарына арналған арнайы мәтіндер жинағын шығару сияқты нақты шараларды атауға болады.
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз