Халықаралық байланыс

Кафедраның халықаралық байланысы, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы әртүрлі халықаралық бағдарламалар туралы мемлекетаралық келiсiмдер негiзінде орындалады. Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты (Өзбекстан), И.Раззаков атындағы Қырғызстан Мемлекеттік Техникалық Университеті (Қырғызстан), А.Н. Косыгин атындағы Мәскеу Мемлекеттік технология және дизайн Университеті, Корей өндірістік технология институты «KITECH» (Оңтүстік Корея), К.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университеті (Ресей), Дрезден техникалық университеті (Германия) және Будапешт технология және экономика университетімен (Венгрия) тығыз байланыс орнатылған.

Жыл сайын университеттің шақыруымен шетелдік жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарлы ғалымдары келіп дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар өткізеді.

Кафедраның аға оқытушылары мен мүшелері шетелдің жоғарғы оқу орындарында және ғылыми орталықтарында тәжірибе алмасып, бiлiктiлiгiн жетiлдiріп отырады.

Соңғы оқу жылына шақырылған профессорлар
 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы АТУ-дың білім алушыларына білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға, кәсіби дағдыларды кеңейтуге, халықаралық мәдениетте білім алу тәжірибесін алуға және пайдалы тілдік тәжірибені алуға мүмкіндік береді.  Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқыту Пардубице университетінде өтті. Химиялық технология факультеті (Чехия қ.), Санк-Петербург өнеркәсіптік технологиялар және дизайн мемлекеттік университеті (Ресей), Габрово техникалық университеті (Болгария), Каунас технологиялық университеті (Литва), Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) және басқа да шетелдік жоғары оқу орындары.

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз