
Кафедра меңгерушісі
Джамашева Рита Адиловна
PhD докторы
«Автоматтандыру және робототехника» кафедрасы 1957 жылы құрылған және алпыс жылдан астам уақыт бойы автоматтандыру мен робототехника саласында жоғары білікті инженер мамандарды даярлау бойынша жетекші орындардың бірін иеленіп келеді.
Әр жылдары кафедраны профессорлар Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиевич, Түсіпов Амангелді Түсіпұлы, Абдрахимов Урал Түтқабаевич, сондай-ақ доценттер Ямщиков Игорь Николаевич, Цунваза Хаким Юсупович, Костюченко Владимир Михайлович, Қарымсаков Камалхан Уәлиұлы және Ержанов Нұрлан Мәуленұлы басқарды. Кафедраның дамуына Аймұрзаев Амангелді Тұқтұбаевич, Абдураимов Ералы Ертаевич және Сайденова Фирузә Абдуллақызы елеулі үлес қосты.
2018–2021 жылдары кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Сейткулов Абдумалик Рахимович басқарды. Осы кезеңде кафедраның атауы «Автоматтандыру және робототехника» болып өзгертілді. 2022–2024 жылдары кафедраға қауымдастырылған профессор, PhD Тоғжанова К.О. жетекшілік етті. 2024 жылғы қыркүйектен бастап кафедраны PhD, ассистент-профессор Орманбекова Айнұр Әлібекқызы басқарды.
Қазіргі уақытта «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының меңгерушісі міндетін PhD, ассистент-профессор Джамашева Рита Адиловна атқарады. Бүгінде кафедра оқу үдерісіне инновациялық тәсілдер мен заманауи білім беру технологияларын белсенді енгізіп, индустриялық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуда, ғылыми-зерттеу қызметін дамытып, халықаралық байланыстар аясын кеңейтуде.
Дуальды білім беру бағдарламасы аясында кафедраның студенттері мен магистранттары «СТиМ-АЗИЯ» ЖШС серіктес кәсіпорнында білім алып, өндірістік тәжірибеден өтеді. Бұл білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ білім алушылардың кәсіби даярлық сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар оқу үдерісіне өндірістік тәжірибесі бар білікті мамандар белсенді түрде тартылуда. Жекелеген пәндерді «Lord Leo» ЖШС, GS1 Kazakhstan, Elcom Energy, Honeywell және «Rafis» ЖШС компанияларының мамандары жүргізеді.
Кафедраның миссиясы
Автоматтандыру және басқару, робототехника және цифрлық энергетика салаларында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, оларды өнеркәсіп, ғылым және білім салаларында цифрлық трансформация жағдайында тиімді жұмыс істей алатындай етіп дайындау, сондай-ақ интеллектуалды өндірістік жүйелердің дамуына ықпал ету.
Кафедра мақсаты
6B07103 – Автоматтандыру және басқару, 6B07104 – Роботтар және робототехникалық жүйелер, 6B07108 – Өнеркәсіптік робототехника және 6B07109 – Цифрлық энергетика білім беру бағдарламалары бойынша студенттерде кәсіби құзыреттерді қалыптастыру, бұл мамандарды қазіргі еңбек нарығы мен Индустрия 4.0 талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз ету.
Кафедра міндеттері:
• Қатысты білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың теориялық және практикалық дайындық деңгейін жоғары деңгейде қамтамасыз ету;
• Қазіргі заманғы білім беру технологияларын және дуалды оқыту формаларын оқу процесіне енгізу;
• Студенттер, магистранттар және оқытушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін дамыту;
• Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту;
• Цифрландыру және өндірісті автоматтандыру жағдайында инженерлік ойлау, инновациялық қызмет және тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті түлектерді даярлау;
• Академиялық мобильділікті қамтамасыз ету және студенттер мен оқытушылардың халықаралық білім беру және ғылыми жобаларға қатысуын ұйымдастыру.

сеньор- лектор

сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі

сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі

сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі

ассистент техникалық ғылымдар магистрі

ф.-м.ғ.д., ассоц. профессор.

сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі

сеньор-лектор

сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі

т.ғ.к., ассистент профессор

сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі

қауымдастырылған профессор-зерттеуші м.а.

Ассистент

Сеньор-лектор

қауымдастырылған профессор, т.ғ.к.

Сеньор-лектор техникалық ғылымдар магистрі

қауымдастырылған профессор м.а, PhD

Кафедра меңгерушісінің м.а., ассистент-профессор, PhD

Қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты

Ассистент-профессор, техника ғылымдарының кандидаты

қауымдастырылған профессор м.а, PhD

Қауымдастырылған профессор м.а, PhD

Қауымдастырылған профессор м.а, техника ғылымдарының кандидаты

Сеньор-лектор

Сеньор-лектор

Сеньор-лектор

Сеньор-лектор

Ассистент