«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалаврларын, техникалық ғылымдарының магистрлерін, техника және технология магистрлерін, философия докторларын (PhD), «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша, «Тамақ өнімдерін өндіру техникасы және технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша дайындау құқығы мемлекеттік лицензиялармен бекітілген.
6В07201 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» БББ мақсаты (бакалавр):
Қазіргі экономика мен еңбек нарығының талаптарына жауап беретін кәсіби және әлеуметтік құзыреттері бар тамақ өнеркәсібінің ет, балық, сүт, консерві мен қоғамдық тамақтану салаларының кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» бакалаврдың негізгі құзыреттілігі
6В08201 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» БББ мақсаты: Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру және көбейту, олардың өнімділігін арттыратын тамақтандыру рационын құру технологиясы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау.
«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» бакалаврдың негізгі құзыреттілігі
6В07207 «Тамақ өнімдерін өндіру техникасы және технологиясы» БББ мақсаты: Азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындары үшін әлеуметтік-жеке құндылықтары және тамақ өнімдерін өндіру, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласындағы кәсіби құзыреттері бар, қазіргі заманғы технологияны жобалау және игеру дағдылары бар жоғары білікті бакалаврларды даярлау
«Тамақ өнімдерін өндіру техникасы және технологиясы» бакалаврдың негізгі құзыреттілігі
7М07201 «Азық – түлік өнімдерінің технологиясы» БББ мақсаты - тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қазіргі заманғы ғылыми және тәжірибелік мәселелерді тұжырымдауға және шешуге, жоғары оқу орындарында, бейіндік колледждерде сабақ беруге, әртүрлі өндірістер мен тамақ өнеркәсібі ұйымдарында зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруға қабілетті кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі бар магистрлерді дайындау.
«Азық – түлік өнімдерінің технологиясы» магистрдің негізгі құзіреттілігі
8D07201 – «Азық – түлік өнімдерінің технологиясы» БББ мақсаттары:
«Азық – түлік өнімдерінің технологиясы» философия докторының (PhD) негізгі құзіреттіліктері