Ғылым-кафедра қызметінің басым бағыттарының бірі. Оқытушылар ғылыми жұмыс жүргізеді, біліктілігін арттырады, ғылыми тағылымдамадан өтеді, халықаралық ғылыми конференцияларға, конгрестерге, семинарларға қатысады.
Кафедра ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің бағыты:
|
Қазақстан Республикасы халқының әртүрлі топтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған мамандандырылған өнімдердің технологиясын әзірлеу. |
Өсімдік шикізатын пайдалана отырып, ешкі сүті негізіндегі ашытылған сүт өнімдерінің технологиясын зерттеу және әзірлеу |
Тағамды жобалаудың заманауи әдістері негізінде халықтың әртүрлі жас топтары үшін (балалар тағамы, мектепке дейінгі, мектеп геродиетикалық және т. б.) жаңа тамақ өнімдерінің технологиясын жасау |
Жануар текті шикізаттың дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлерінен ұлттық ет және сүт өнімдерінің технологиясын жасау |
Биологиялық және тағамдық құндылығы жоғары ет, балық, сүт, консерві өнімдері мен тағамдық концентраттар технологиясын жасау. |
Микроағзалар мен биологиялық белсенді заттардың жаңа консорциумдарын қолдана отырып, сүт өнімдерінің инновациялық технологиясын жасау |
Өсімдік тектес қоспаларды, бактериялық дақылдар мен ассоциаттарды (ашытылған сүт сусындары, пасталар, жұмсақ және тұзды ірімшіктер) пайдалана отырып, тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары сүт өнімдерінің биотехнологиясы. |
Жылқы, түйе, қой етінен жасалған қазақтың ұлттық ет өнімдерінің технологиясын жетілдіру. |
Ет және балық консервілері өндірісінде дәстүрлі емес өсімдік шикізатын пайдалану мүмкіндігін зерттеу. |
Ақуыздық өсімдік-жануарлар кешендерінің функционалдық және биокоррегациялық сипаттамаларын зерттеу және олардың негізінде жергілікті шикізат ресурстарын пайдалана отырып, жаңа буындағы ұлттық ет өнімдерінің технологиясын жасау |
Ауыл шаруашылығы жануарларының сүтін (сиыр, ешкі, қой, бие, түйе сүті) терең өңдеудің ұлттық технологияларын жасау және енгізу |
Соңғы 3 жылда ҚР ҒЖБМ ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша 2 жоба, ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 1 жоба, жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба, PECA GIZ (Германия) Бағдарламасының қолдауымен қолданбалы зерттеулердің 3 халықаралық жобасы, гранттық зерттеулер бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландырудың 3 жобасы орындалуда «Ғылым қоры» АҚ қаржыландыру:
Кафедрада 7 бастамашыл тақырып бойынша жұмыс жүргізілуде:
4.Алматы облысының асыл тұқымды шаруашылықтары жағдайындағы жоғары өнімді сиырлардың шаруашылық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, 0122РКИ0062 (жетекшісі-Б. Ш. Жетпісбаева).
Соңғы 3 жылда жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша профессорлық-оқытушылар құрамы 400-ге жуық ғылыми еңбектер, оның ішінде халықаралық практикалық конференцияларда 142-ден астам баяндамалар, 5 монография, 33 оқулықтар мен оқу құралдары, 50-ден астам мақалалар шетелде жарияланған, оның ішінде Scopus және Clarivate Analytics деректер базасында индекстелген журналдардағы 39 мақала. 32 патент алынды, 7 әзірлеме өндіріске енгізілді. Соңғы 5 жылда «Сүт және ет өнеркәсібі», «Агропродмаш», «Алтын күз», РФ, Мәскеу қалаларында өткен беделді халықаралық көрмелерде 41 алтын, 7 күміс медаль және 6 құрмет грамотасы алынды.
Кафедрада студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді: |
||
«СҮТ САРАПШЫСЫ» |
«МОЛОЧНЫЙ РАЙ» |
«МЯСНОЙ ОСКАР» |
«ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ» |
«ЖАС ФЕРМЕР» |
«СЫРНЫЙ LIFE» |
Халықаралық көрмелерде алынған алтын медальдар